Accessibility links

Өзбекстан көршілес елдерді шекара қауіпсіздігін күшейтуге шақыруда


Өзбекстан президенті шекаралас жатқан Қазақстан мен Қырғызстан елдерінің басшыларын шекара бойында қауіпсзідк шараларын көбірек қолға алуға шақырды. Президент Ислам Кәрімов террористер Өзбекстанға өту үшін қатты бақыланбайтын шекара тұстары бізге жақсы мүмкіндік береді деп айтады деп атап көрсеткен. Қазақстан бұл талқылап-талдауға болатын мәселе деп мойындады. Енді аталған мәселе мен аймақ елдері үкіметтерінің террормен күрестегі мүмкін боларлық ынтымақтастық іс-шаралары жайында.

Дүйсенбі күні Өзбекстан президенті Ислам Каримов өзінің қазақстандық жане қырғызстандық әріптестерімен тыйым салынған діни топтарға қысым көрсетіп, олардың адамдарының шекаралардан ары-бері өтулеріне жол бермеу жөнінде кеңесіп, әңгімелесті.

Биылғы жылы Өзбекстанда болған жарылыс-қақтығыстарда 50-ден астам адам опат болды, ол үшін өзбек билік басылары Ислам экстремистерін айыптайды.

Көршілердің екеуі де, Қазақ жане Қырғыз үкіметтері, өздерінің шекара қауіпсіздігін жетілдіріп, жақсарту шараларын қолға алғандарын немесе қандай да бір істерді атқаратындықтарын айтады.

Баспасөз-мәслихатында сөйлеген сөзінде Ислам Кәрімов тағы да жақында орын алған қақтығыс-жарылыстар үшін исламдық Хизбут Тахрир тобына айып тақты. Ол сондай-ақ көрші елдерді мұндай топтардың емін-еркін өтіп өтіп кетулеріне жол беріп отырсындар деп те кінәлаған-ды:

-Біз қалай күресе аламыз, егер шекара жоқ болса, ал ондай ұйымдар шекарадан жайбарақат өтіп алып, дайындықтарын жасап, ертесіне жабайылық акцияларын жүзеге асырып жатыр,-деген ол. Хизбут Тахрир өздерінің мұндай шабуылдарға ешқандай қатыстары жоқ екендіктерін айтып, өз мақсаттары- Орта Азияда халифат орнату үшін зорлық –зомбылық шабуылдарын құрал етіп алмайтындықтарын мәлімдеген. Қазақстан соғысушы жауынгерлерге баспана орталық болған болуы мүмкін деген де күдік жақыннан бері пайда болды. Өзбек ресмилері шілде айында Ташкенттегі АҚШ пен Израил елшіліктері жанында өзін-өзі жарған жанкешті Қазақстаннан шыққан азамат деп айтқан болатын. Ресейдің қауіпсіздік орындары да жақындағы Беслан трагедиясында адамдарды кепілдікке алғандардың ішінде қазақстандық болды деп мәлімдеген еді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада Қазақстан қауіпсіздік үшін қыруар қаржы жұмсайтын болады деп атап көрсетті:

-Біздің елдің қауіпсіздігі мен қорғанысын нығайтуға өте мүқият назар аударуымыз керек болады. Біздің қазір ақшаның көбін қауіпсіздігіміз бен алдын алу шараларына, есірткімен күреске, терорды болдырмауға жұмсауға міндетті екендігіміз халықтың есінде болуы керек. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко Қазақстанның Өзбекстанға терроршылар деп танылғандардың өтіп кетуі үшін аралық жол болуы мүмкін дегенмен келіседі.

Қазақстанға қарағанда Қырғызстан қауіпсіздік мәселелерінде шетелдік қолдаушыларға көбірек сенім артады. АҚШ бастаған террорға қарсы коалицияның да, Ресейдің де қырғыз жерінде әскери базалары бар.

Қырғызстан президентінің баспасөз-хатшысы Әбділ Сегізбаев өткен аптада АҚШ-қа жасалған қыркүйек шабуылдарын еске алу күнінде мұның барлығы да тек қауіпсіздік мақсатында жасалып жатыр деген болатын.

Журналистер болса бұл базалардың ешқайсысы да Орта Азиядағы радикалды қозғалыстардың ізіне түсіп отырған жоқ, сондықтан да олар халықаралық қолдаудың жеткілікті боларына күмәнмен қараймыз дегенді айтады. Мұның өзі Орта Азия мемлекеттерінің қауіпсіздіктерін жақсарту жолындағы өз жоспар, бағыты болуы қажет дегенді аңғартады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG