Ауғанстан президенті Хамид Қарзайға қастандық жасауға әрекеттенді деген күдікпен елде үш адам қамауға алынды. Президент сайлауы науқаны барысында Хамид Қарзай кеше Гардез қаласына келе жатқанда, оның тікұшағына зымыран атылды. Ішкі істер министрлігі оқиға аумағындағы ауылда үш ауғандық азаматты ұстатық, олар сол ауылдың тұрғындары емес деген шамалы мәлімет қане айтты. Зымыран тікұшаққа тимей, ешкімге зақым келтірмей айдалаға құлаған болатын. Бірақ Қарзай сапарын үзіп, Қабулға оралған еді.