Accessibility links

Қытай бас министрі Қырғызстан сапарын бастамақ


Қытай бас министрі Уен Джабао бүгін Бишкекке келіп, Қырғызстан бас министрі Николай Танаевпен келіссөз жүргізеді. Сауда және экономикалық қатынас жайында 2014 жылға дейін бағытталған бағдарламаға қол қойылмақ. Қытай бас министрі Уен Джабао президент Асқар Ақаевпен ертең кездеседі де, бейсенбі күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының басшыларына қосылып, ортақ жобаларды талқыласады. Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанды 1996 жылы одақтастырған ұйым терроризм және ислам экстремизміне қарсы күресті басты мақсат тұтады.
XS
SM
MD
LG