Accessibility links

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясы ашылатын болады


Нью-Йоркте бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жылдық сессиясы ашылмақ. 59-шы сессияда Суданның Дарфур өлкесіндегі босқындар дағдарысы және даму үстіндегі елдердің жағдайы сияқты мәселелер қаралмақ. Сессияны Астана уақытымен кешкі сағат 9-да бас хатшы Кофи Аннан ашады, оның сөзінде дүниежүзі шеңберіндегі заң тәртібінің құндылығына зейін қойылмақ. Жарты сағаттан кейін сөз алатын АҚШ президенті Дордж Буш Ирақтағы жағдайды ортаға салмақ. Буш Нью-Йоркта Ирақ уақытша бас министрі Ияд Аллауаи сияқты бір қатар ел басшымен жүздеспек.
XS
SM
MD
LG