Accessibility links

БҰҰ бас хатышсы Кофи Аннан және АҚШ елбасы Джордж Буш Бас Ассамблеяда сөз сөйледі


Аннан мырза Судан, Израйль және Ирақтағы заңдық ережелердің аяқ асты боп қалғандығын баса айтты. Ол сондай-ақ өткен айда Бесланда болған оқиға мектеп балаларына жасалған қатыгез әрекеттер болды, деген пікірін білдірді. Дей тұрғанмен, лаңкестікке қарсы күресте қарапайым азаматтар еркіндігіне орынсыз қол сұғылмауын ол атап көрсетті. Буш мырза болса Ирақ пен Ауған халқының тәуелсіздік және қауіпсіздік жағдайы толық реттелгенге дейін Құрама Штаттарының ол елдер халқымен бірге болатындығын ескерте келіп, Ирақ соғысын ақтауға тырысты. Ал, Аннан мырза болса бұл соғысты заңсыз деп атады:

“Өз елінде заңның үстемдігін паш еткен мемлекет ол заңды шетелде де сыйлауы тиіс. Және заңның сақталуын шетелдерде табанды түрде талап еткен ел оның жүзеге асуын өз елінде де қарастыруы тиіс. Иә, заңның орындалуы өз үйіңнен басталады”-, деді бас хатшы.
XS
SM
MD
LG