АҚШ әскерінің әуе соққысынан Ирақ көтерілісшілер тобының басшысы Абу Анас Әл Шами қаза тапты деп хабарланып жатыр. Оның мәшинесіне шабуыл Бағдадтың батыс тұсында осыдан бір апта бұрын жасалған . Абу Анас Әл Шами "Әл Қаидамен" сыбайлас "Тауид уал Жихадд" тобының басшысы Абу Мұсаб Әл-Зарқауидің кеңесшісі. Бұл топ соңғы екі күнде басы алынған деп хабарланған екі американдық азаматтың ажалына жауапкершілікті өзіне алған.Бағдадтың батыс тұсында бүгін мәшинедегі бомба жарылып, кемінде 6 адам қаза тапты, 50 ден астам адам жараланды. Тикрит қаласының маңында жол бойында қойылған мина жарылып, бір американдық сарбаз қаза тапты деп хабарланды.