Бұл комиссия қырқүйектің басында адамдарды кепілдікке алу дағдарысының себептерін анықтамақ. Комиссия жетекшісі Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Александр Торшин тергеу барысында алдын ала жасалған зерттеу құжаттарына және оқиғаны көрген жергілікті халықтың сөзіне айтарлықтай көніл бөлеміз дегенді айтты. Оқиғаны өз көзімен көрген халықтың арасында күні бүгінге дейін балаларын мен туған туыстарын таба алмай жүргендер бар.
Қырқүйектің басында болған дағдарыс барысында Бесланда 300 астам адам қаза тапты. Олардың басым көпшілігі – балалар. Ал лаңкестік оқиға аяқталғаннан кейін Солтүстік Осетияның қызмыстық іздестіру бөліміне туған-туыстары мен балаларын іздеген 75 азаматтың арызы келіп түскен. Бірақ Беслан тұрғындары із-түзсіз жоғалып кеткендердің саны 150 адамнан асады дегенді айтады. Қазіргі кезде Владикавказ шетіндегі темір жол түйығында 80 адамның мәйті салынған тоңазытқыш –вагондар тұр. Бұл жерге күн сайын қаза тапқан азаматтардың туыстары келеді. Ресейден келіп, Владикавказ бөлімшесінде әскери қызметін атқара бастаған жас сарбаздар вагоды ашып, бар адамның мәйіттерін сыртқа шығарады. Қаза тапқан азаматардың туыстары бұл жерге бір-неше рет келген.
Балаларын іздеп жүрген азаматтар: - 12 жасар қызды іздеп жүрміз, бірақ таппай жатырмыз. Бірінші күннен бастап іздеп жүрміз, барлық жерден іздедік. Кешенің арғы күні болдық, кеше келдік, күнде боламыз.
- Бесландағы мектепке барамыз, одан кейін мәйтханаға келеміз. Ауруханадан іздейміз. Тауып қалатын шығармыз, деп үміттенеміз, мүмкін тірі шығар. Бұл жерде кепілдікке алғандар бар деген сыбыс бар, - дейді балалары мен туыстарын іздеп жүрген азаматтар.
Бұл азаматтардың басым көпшілігі, бір құдіретті күштің арқасында балаларымыз аман қалған шығар, деп үміттенеді. Сонымен қатар, оладың арасында, адамдарды кепілдікке алған азаматтардың өздерімен бірге балаларды алып кеті деген әңгімені көп естуге болады. Ал күйікке қатты ұшырап, қайтыс болған азаматтарды анықтау өте қиын. Бұл азаматтардың тусытарымен Маздоктан келген соттың медициналық сарапшысы Артур Тургиев жұмыс істеп жатыр.
Артур Тургиев, Маздоктан келген соттың медициналық сарапшысы :
Қатты күйгендерді кім екенін анықтау қиын, сол себептен, кейбір азаматтарды үстілеріндегі киім бөліктері арқылы анықтап жатыр. Кейбіреулері алтын бұйымдары арқылы танып жатыр. Тағы біреулері қаза тапқандардың тісін көрсетуді сұрайды. Алғашқы күндері мұнда келушілер көп болатын, қазір біртіндеп келушілер азайып жатыр.
Артур Тургиевтың айтуынша, төрт тоңазытқыш-вагонның үшеуінде адам денелері бар. Оларды біріншісінде балалар мен ер азаматтар жатыр, екіншісінде қыздар жатыр, ал үшіншісінде әйелдер жатыр, - деді Артур Тургиев.
Бесландағы мәйтханадан бар туыстарын тақаннан кейін, олар туыстарының денесі pеспубликалық мәйтханаға апарады. Ресми түрде бұл мәйтхана Солтүстік Осетияның сот медициналық сараптау бюросы, деп аталады. Бюро бастығының орынбасары Людмила Сабанова қазіргі кезде анықтау жұмыстары баяу жүргізіліп жатыр, бірақ жүріп жатыр, дегенді айтады. Людмила Сабанованы тыңдап көрсек.
Людмила Сабанованы, Солтүстік Осетияның сот медициналық сараптау бюросы бастығының орынбасары:
Анықтау жұмыстары нақты болу үшін, молекулярлық-гендік сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр,бізге 329 адамның денесі әкелінді. Сонымен қатар, бізге 42 адамның бөлшектері әкелінді. Мүмкін, бұл жоғарыда атап өткен 329 адамдарың дене бөлшектері болуы мүмкін. Әлде басқа адамдардың денесінің бөлшегі болуы мүмкін. Кейбір азаматтардың денесін, толығымен бөлшектер арқылы жинаған жағдайларда бар. Біз осының барлығын молекула-гендік сараптаудан кейін анықтаймыз, - деді Людмира Сабанова.
Қазіргі кезде мамандар әлі қанша адамның денелері сарапқа түсетінін білмейді. Туыстарын іздеген азаматтар қан тапсырған. Бүгінгі таңда қан тапсырған азаматтардың саны 94-ке жетті. Мамандардың айтуынша, бір қаза тапқан адам үшін бірнеше адам қан тапсырады. Олардың арасында олардың туыстары, ата-аналары бар. Дәрігерлердің пайымдауынша, мәйтханадан балаларын тапқан азаматтар, күдіктеніп, тапқан мәйттен бас тартады. Себебі олар сенің балаңды тірідей көрдік деген әңгіме естейді, олар мұндай сыбыстарға сеніп, өздері анықтаған балаладан бас тартады, соңынан ол айтылған әңгіме шындыққа жанаспайтынын біліп анықтаған баланың сүйегін қайта әкетеді. Тустары мен балаларын жоғалтқан азаматтарды түсінуге болады, бірақ олар бар жағдайдан еш қайда кете алмаймыз ғой, - дейді туыстары. Әзірге із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтардың тізімін ешкім жасамаған. Милиция қызметкерлері бұл тізімді, оларға келіп түскен арыз арқылы құрады. Мүмкін, бұл тізімді құру үшін қоғамдық ұсыныс болу керек шығар.