Жуырда Солтүстік Оссетиядағы Беслан қаласында, 1-мектепте болған кепілдік тұтқыны және 300ден астам кісі өлімі уақиғасы әлем елдерінің Шешенстандағы соғысқа өзгеше көзбен қарауға мәжбүр етіп отыр, деп жазады вашингтондық талдаушымыз. Бір мектептің ішінен осыншама адамның құрбан болуы Ресей президенті Путинды өте қиын жағдайға түсіріп отырғандығы ақиқат.
Бірақ сарапшылардың пікірінше, Владимир Путинның Беслан дағдарысынан кейінгі қатаңқолды саясатынан жағдай одан әрі нашарлай түспесе жақсара қоймас.
Бесландағы қантөгісті уақиғадан кейінгі Ресей президенті Путинның саясатына орай шет елдік сарапшы, талдаушылар қандай пікірде ?
Вашингтондағы Джон Хопкинс университетінің профессоры Фредерик Старр президент Путинның Шешенстандағы жікшіл жетекшілермен келіссөздерге ешқашан бармаймын деген сөзін дұрыс шешім емес деп сынайды. Профессордың айтуынша, Ресей үкіметі, ақиқатында, шешен жікшілдерімен бір неше рет келіссөздер жүргізген, бірақ олардан бірер нәтиже шықпаған. Фредерік Старрдың айтуынша, алғашқы кездесу, келіссөздер Швейцарияда 2001-жылдың тамыз айында өтіпті. Ол келіссөз талқылауында Думадағы ұлттық қауіпсіздік комитетінен депутат Юрий Шекочихин қатысқан екен. Ол кездесулерден шабыттанған Шекочихин және өзге өкілдер араға бір жыл салып Лихтенштейнде кездеспек болып келіскен.
Ол кездесуде Кремлдің өкілі ретінде Асланбек Аслаханов, және Думадағы комиссия кеңесшісі Рустам Қалиев болған көрінеді. Сол Аслаханов Бесланда болған кепілдік тұтқын дағдарысы шараларын реттеуге көмектесіп, оның себеп-салдарымен айналысуда.
Олар ол кездегі Шешенстан жетекшісі, президент Масхадовты да қатыстырып, бейбітшілік жоспарын құрсақ деген ниетте болған. Бірақ профессор Старрдың айтуынша, келіссөздер одан әрі өз жалғасын таппаған. Міне енді, президент Путин сол келіссөздер, алғашқы жақсы талпыныстардың болғандығын да еске алғысы келмейді, дейді вашингтондық профессор.
Фредерік Старрдың тілшімізге айтуынша, егер Ресейдің қазіргі қатаң қолды саясаты өзгермесе, онда әрине шешенстандық басшылықпен жаңа келіссөздер болады деп үміттену қиын.
Профессордың пікірінше, оның бір себебі, президент Путин бұл мәселеде, Ресей Думасының беделін төмендетіп, оның мүмкіндігімен есептеспей отыр.
Ресей парламентінде қазір билік, бедел жоқ. Парламентте соңғы кезде тәуелсіз әрекет ететіндей мәртебе де жоқтың қасы. Сондықтан шешенстандық басшылықпен орыс депутаттары кездескенімен одан шығар нәтиже жоқтың қасы деуге болады, - дейді профессор Старр.
Оның айтуынша, бұрыңғы советтік басшы, 1-ші және соңғы советтік президент Михаил Горбачевтің, жуырда, Ресей шешен жікшіл басшыларымен келіссөздерге отыруы керек деген мәлімдемесінен де нәтиже шамалы. Себебі, Горбачевтің заманы да, сөзі өтер кез де артта қалған, дейді ғалым. Бірақ ешқандай келіссөздерге бармаймын деп президент Путин сондай игі ниеттердің өзін аяқ асты етіп отыр, дейді профессор.
Беслан қырғынынан кейін, профессордың айтуынша, енді ол дағдарысты президент Путин экономикалық көмек арқылы шешіп, сонымен қатар Шешенстандағы жанжалдарды да реттемек болады. Бұл аса ұшығып кеткен күрделі жағдайды шешудің бір парасы ғана. Тіптен оның өзі жүзге аса қояр мекен, деп күдіктенеді, профессор.
Меніңше, президент Путин енді бұл тығырықты жадайдан экономикалық көмек, және даму ақшасы арқылы шыққысы келеді. Бірақ сол ақшаның өзі талан-таражға түспей қажетті жеріне жетер мекен? Тиісті нысанаға жеткеннің өзінде Шешенстандағы саяси, заңдық мәселелер шешілмей тұрып, бірер игі нәтиже шығуына сену қиын,- дейді Фредерик Старр.
Вашингтондық профессордың айтуынша, егер алдағы кезде де президент Путин өзінің ежелгі саясатымен жұмыс істей беретін болса, онда орыстар мен шешендер арасындағы соғыс шайқастары одан әрмен жалғаса бермек. Кім білсін, ол соғыс бәлкім бұрынғыдан да кең көлемді түс алып кетуі мүмкін, дейді Вашингтондағы Джон Хопкинс университетінде бұрыңғы советтік аймақтағы білім, мәдениет, саясат және экономика мәселелерімен шұғылданатын зерттеуші ғалым, профессор Фредерик Старр.