Accessibility links

Ирақта болған қақтығыстар мен шабуылдарда кем дегенде 11 адам, оның ішінде бейбіт халық та бар, қаза болды


Бүгін Ирақта болған қақтығыстар мен шабуылдарда кем дегенде 11 адам, оның ішінде бейбіт халық та бар, қаза болды. Қақтығыстар Мосул, Бадуба қалаларында және Бағдадтың Садр-Сити ауданында болды. Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барнье бүгін: “Ирақтағы жанжал бойынша кез-келген халықаралық конференция – АҚШ бастаған коалициялық күштер Ирақты тастап кетуі керек пе?” -деген мәселені талдауға тиіс деп мәлімдеді. Бүгін сондай-ақ Иордания патшасы Абдулла иорданиялықтар мен италияндық өкілдер Ирақта кепілдікте тұтқындалған 2 италияндық әйелдің қапаста отырған жерін анықтау үстінде деп хабарлады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлл кеше Ирақтағы бас көтеру күшейіп барады, елдегі демократиялық процесті жоюды көздеген көтерілісті басуға АҚШ күш жұмсап жатыр деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG