Қыркүйектiң 28-iнде Қарағанды облысындағы Атасу кентiнде Қазақстанның Батысынан Қытайдың Алашанкоу өңiрiне мұнай жөнелтетiн құбырдың алғашқы бөлiгi Атасу-Алашанкоу құрылысының басталу рәсiмi өткiзiлдi. Оның екiншi кезеңi ретiнде Кеңқияқ-Құмкөл- Атасу жалғасады. Бұл жоба жүзеге асырылған жағдайда, Қазақстан алғашқыда жылына 20 миллион тонна, ал таяу болашақта 50 миллион тонна көмiрсутегiн Қытай арқылы Тынық мұхиты елдерiне шығарады.
“Бұл құбырды тарту жобасын қазақстандық ғалымдардың ойластыра бастағанына он жылдан асты. Соңғы жылдары Қызылорда, Ақтөбе өңiрлерiндегi жаңа кенiштердiң ашылуы осы мақсаттың нақтылығын онан сайын айғақтай түстi,-“ дейдi, Қазақстанның құрметтi мұнайшысы, академик Нәдiр Нәдiрев. Нәдiр Нәдiревтiң айтуынша, Қазақстанның мұнай саясатында көп векторлы жүйенi ұстануы жөн. Дегенмен, Қазақстан жағы сыртқа шикi мұнайды шығаруға мәжбүр болып отыр. Өйткенi, әлi күнге дейiн мұнай айыру кәсiпорындары ойдағыдай жұмыс жасай алмай отыр.
Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Аманкелдi Айталы басқа мемлекеттерге экономикалық жағынан тәуелдi болып қалмау үшiн, мұнайды бiрнеше бағытқа жөнелту пайдалы. “Бiрақ, Қазақстан өз мүддесiн ойлап, есесiн жiберiп алмаудың жолдарын қарастырғаны дұрыс”,-дей келiп әлi күнге дейiн iрi келiсiм шарттардың жариялы түрде атқарылмай отырылғандығына тоқталды.
Атырау облыстық кәсiподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Елена Мұстафинаның айтуынша, кей қазақстандық мұнай саласындағы мамандардың бiлiктiлiгi шетелдiктерден жоғары бола тұра, жалақы жағынан қысым көруi әлi күнге дейiн жалғасып келедi.
Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Аманкелдi Айталы:” Жалпы өзiн-өзi құрметтейтiн ел шетелдiк мамандарды бiрте-бiрте азайта түседi. Ал, бiзде жағдай басқаша қалыптасып отыр. Биыл шетелдiк 9 мың маман, келесi жылы 15 мың маман қазақстандық өндiрiстерге тартылды,-”дейдi.
Нәдiр Нәдiрев осыдан екi жыл бұрын Ақтөбе қаласында Қазақстан-Қытай бiрлескен мұнай компаниясындағы жұмысшылардың бой көтеруi де осындай жағдайдан туындағандығын ал бұл жобаның келiсiм шартында шетелдiк жұмысшылар мен қазақстандықтардың пайыздық өлшемi сексенде жиырма ретiнде айқын көрiнiс тапқандығын айтады.
Алматыдағы Қытай елшiлiгiнiң баспасөз қызметiмен хабарласқанымызда Атасудағы салтанатқа Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкiлеттi елшiсi мен елшiлiктiң 1-шi хатшысы және басқа да ресми адамдар қатысып жатқандығын хабарлады.
Сонымен, Қазақстанның Батыс өңiрiндегi мұнайды Алашанкоуға дейiн жеткiзетiн құбыр құрылысы 2005 жылғы желтоқсанның 16-сына дейiн iске қосылатын болды.