Шешенстанға қайырымдылық көмек ұйымдары қызметкерлерінің еркін баруына Мәскеудің рұқсатын алу үшін Еуропа одағы бірнеше жылдарды сарып еткені белгілі. Алайда, осы ұйымның қайрымыдылық көмек көрсету бойынша Мәскеуде орналасқан кеңсе басшысы Филип Роянның Азаттық радиосына айтуынша, содан бергі аралықты шамалы жетістіктерге қол жеткізілген еді. Алайда Солтүстік Кавказда қалыптасып отырған жағдай ол жетістіктердің де бағасын кетіріп отыр. Шешенстанға ену және онда сапар шегу қиын емес.
Алайда, шетелдік қайырымдылық көмек ұйымдары қатерге бастарын тіккісі жоқ. “Маусым айында БҰҰ-ы Ингушетиядағы Назраньнан Солтүстік Осетия астанасы Владикавказға қайта көшуді қарастырған болатын”-, дейді Ройан. Себебі, маусымның 21-інен 22-не қараған түнде, кері шегініп бара жатқан көтерілісшілер, егер өздері қалаған жағдайда, үйді-үйге кіріп, ондағы босқындарды өздерімен ала кетуді жоспарлаған болса, онда оларды ешнәрсе тоқтата алмас еді,- дейді ол. Сонымен, Молдова мен Оңтүстік Кавказ жұртына көмек беруші Еуропа одағының қайырымдылық көмек бойынша Ресейдегі бөлімшесі қазір Мәскеуде орналасқан.
Әрине, бұл көмек ұйымы Шешенстанға барынша жақын орналасқысы келер еді. Бұл елге тұрақты түрде көмек көрсетіп келе жатқан жалғыз бұлақ- Еуропа одағы биылғы жылы 26 жарым миллион еуроны арнаған болатын. Алайда, Беслан оқиғасынан кейін тіпті Владикавказдың өзі қауіпсіз аймақ бола алмай қалды. Демек, қазіргі мақсат жақсы жер таңдау емес, қауіпсіз аймақты іздеу болып қалды. Мұндай әрекеттер, әрине Ресей тарапына ұнамауда. Олардың пікірінше, Шешенстандағы жағдай қалыпқа түскен. Демек қайрымыдылық ұйымдарының Ингушетия мен Солтүстік Осетиядан тыс жерге кетуіне қажеттілік жоқ. Шынтуайтына келгенде ресми Мәскеу Еуропа одағы көмек бөлімшесі кеңсесінің Ингушетияда да емес, тікелей Грозныйда тұрғанын қалайды. Себебі, ол кеңселердің Шешенстанда тікелей тұруы Ресей үшін мына жағынан тиімді болмақшы. “Тәуелсіздігі үшін күрескен Шешен көтерілісшілерінің әрекеттері аяқталып, енді тек халықаралық дәрежедегі лаңкестік әрекеттер проблемасы ғана қалды”-, деген ресми Мәскеудің әлемге жариялап отырған идеясын қайырымдылық көмек ұйымдары, егер Шешенстанның өз ішінде тұрса, одан әрі дәлелдей түскендей болары еді. Алайда, Ройан мырзаның айтуынша, Еуропа комиссиясы Грозныйға қайырымыдылық көмек ұйымын көшіруді ойластырып отырған жоқ. Шешенстанға көрсетілетін көмек ісі қаржылық жағынан қиындық көрмеуде. Бар мәселе-қауіпсіздік деңгейінде. Ингушетия мен Дағыстаннан босқындар Шешенстанға көптеп оралған сайын, осылайша оларға көмек көрсету ісі қиындай түсуде. Егер қауіпсіздік жағдайы жақсы болса, онда халықаралық ұйымдар Шешенстанды қайта қалпына келтіру ісін кең тұрғыда және жылдам түрде жүргізер еді.