Қазақстанда үстіміздегі жылдың мамыр айында “Каспий: мұнай және мәдениет” атты тұңғыш ғылыми-публицистикалық экспедиция өмірге келіп, өз жұмыстарын бастаған болатын. Енді олар негізінен Иран мемлекетінің Каспий жағалауындағы бөлігіне мәдени-рухани байланыстар орнатуға ниет білдіріп отыр. Сондай-ақ олар өздерінің бұған дейінгі сапарларында Қазақстан инвесторларының Каспий жағалауындағы жергілікті елдің мәдени өміріне көңіл бөлмей отырғандығы сияқты түйіткілді мәселелердің бар екенін байқағандарын айтады.
Бұған дейін “Каспий: мұнай және мәдениет” атты тұңғыш ғылыми-публицистикалық экспедиция мүшелері ежелгі тарихы мен бүгінгі даму құбылысы өзара ұқсас болып табылатын аймақтарды – Қазақстанның Маңғыстау, Атырау облыстары мен Ресейдің Астрахань облысына сапар жасаған. Құрамында әдебиет және тарих, өнер мен мәдениет қайраткерлері бар экспедиция мүшелерінің басты мақсаты – Каспий тартысты саясаттың алаңы болып қалмай, рухани-мәдени дамудың өзегіне айналуына өз үлестерін қосу. Осы ретте өз елімізде шектеліп қалмай, Иран мемлекетінің де Каспий жағалауындағы бөлігімен мәдени-рухани байланыстар орнатуға бара жатқанымыз содан дейді олар. Осы экспедиция жетекшілерінің бірі – “Қазақпарат” агенттігінің президенті Ғаділбек Шалахметов бұл бастамаға Иран жағының қолдау білдіруі ісіміздің өміршеңдігін көрсетіп берді дейді ол.
Дегенменде өздерінің бұған дейінгі сапарларында Қазақстандағы мұнай саласы инвесторларының Каспий жағалауындағы жергілікті жердің мәдени жағдайына көңіл бөлмей отырғандығы көзге ұрды дейді мәдениеттанушы Мұрат Әуезов.
Алайда Қазақстанның мұнайлы астанасы Атырау облыстық әкімшілігінің мұнайгаз кешені, сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялық саясат басқармасы бастығының орынбасары Төлеген Сабыров Каспиймен шектес өңірлердің әлеуметтік және мәдени жағдайына шетел инвесторлары жеткілікті қаражат бөліп отыр дейді.
Ал екінші бір мұнайлы өңір Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының мәдениет жанашыры Қуаныш Кенжеғалиев мәдениет тұрмақ, елдің әлеуметтік жағдайына шетел инвесторлары көңіл бөліп отырған жоқ деген пікірде.
Енді бұндай мәселелердің шешілуіне экспедиция мүшелері заңдық тұрғыдан барлық деректерді жинастырып барып кіріскелі отыр дейді Ғаділбек Шалахметов.
Қалай дегенменде экспедицияның Иран еліне сапары аталған бастаманың аяқсыз қалмайтындығының көрінісі дейді шараны ұйымдастырушылар.