Орта Азия мемлекеттерінің кейбір экологтары жасанды көл саламын деген Түркіменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың жобасына алаңдаушылық білдіріп отыр. Мұндай жоба экожүйеге кері әсер тигізеді, деген ойын мамандар қазанның 4 күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында білдірген болатын. Эколог мамандар жасанды көл немесе өзен жасау табиғатқа кері әсер берітініне алаңдағанымен, бұл жобаға қарсылық білдіргісі келмейтінін айтады. Себебі бұл саяси мәселе,- дейді олар.
Орталық Азия мемлекеттерінің экологтары ғаламдық жылуға қарсы тұру мақсатында түрлі шараларды іске асырып жатыр. Сондай шаралардың біріне олар осы аймақта тұратын азаматтардың экологиялық білімін арттыратын жобаны жатқызады. Қазіргі кезде мамандар мектепте оқитын балаларға қажет оқулық әзірлеу жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл жоба бойынша, жұмыс істейтін Орталық Азия мемлекеттерінің мамандары қазанның 4 күні Алматыда бас қосып, жоба негізінде бар мәселелерді талқылады. Түркіменстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің маманы Мухамед Қурбан Оразовтың айтуынша, ғаламдық жылу Орталық Азияда бар өзендер мен көлдердің құрауына, Арал тағдырына әсер етеді.
Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ мәселелердің бірі –Арал. Болашақта Арал тағдырын қайталайтын өзнен -көлдер болмауы керек,- дейді қазақстандық эколог, «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов.
Мэлс Елеусізов, «Табиғат» одағының жетекшісі:
-Аралдың қиындықтары әлі алда болады. Бұл мәселені қазірден бастап шешпесек, табиғатты нашарлатамыз. Табиғатты өзгертеміз, деп айтатындар бар. Бірақ біз өзіміз табиғаттың кішкентай бөлігіміз. Қазіргі кезде Түркіменстанда жасанды көл жасауға арналған жоба іске асып жатыр. Түркіменстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілі Мухамед Қурбан Оразовтың айтуынша, бұл жоба Орталық Азия елдерінің табиғатына әсер етпейді.
Мухамед Қурбан Оразов, Түркіменстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілі:
-Қолдан жасалатын көл Орталық Азия аймағындағы елдердің табиғатына әсер етпейді, себебі бұл көлге керек судың барлығын біз Түркіменстанның өзінен аламыз, -дейді Түркіменстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілі Мухамед Қурбан Оразов.
Өзбекстаннан келген маман, «Экологиялық таза Фергана үшін» атты қауымдастықтың жетекшісі Ибрагимжон Домуладжанов бұл мәселені арнайы зерттемесе де, жасанды көл жасауға болмайды деген ойда.
Ибрагимжон Домуладжанов, , «Экологиялық таза Фергана үшін» атты қауымдастықтың жетекшісі:
-Адамзаттың табиғы құбылыстарға араласқаны дұрыс емес, себебі бұл табиғы апатқа әкеледі.
Көп жылдан бері экология мәселесін зерттеумен шұғылданып жүрген қазақстандық маман Асылхан Артықпаев, керісінше, Түркіменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың қолдан көл жасаймын деген жобасын құптап отыр. Оның себебі Асылхан Артықпаев өзінше түсіндіреді. Асылхан Артықпаев,эколог:
-Каспий мен Аралдың жер астында байланысы бар. Бұл көнеден келе жатқан құбылыс. Кейде Аралдың деңгейі түсіп кетсе Каспийдың суы толатын. Ал Арал толғанда Каспий суы азайып кететін, сөйтіп құбылып тұратын. Бірақ кейбір экологтардың пайымдауынша, Кеңес заманы кезінде Аралда екі рет сутегі бомбасы жарылған, соның салдарынан Каспий мен Арал арасындағы байланыс жойылған. Сол себептен қазіргі кезде Каспий суға толғанымен, Аралдың суы азайып бара жатыр. Менің пікірімше, бұрғылап, көл жасаған дұрыс. Асылхан Артықпаевтың бұл пікірімен оның әріптесі Мэлс Елеусізов келіспейді. Себебі адамзаттың табиғи құбылысқа араласуының салдарынан Арал құрап кетті, енді Түркіменстан қолдан көл мен өзен жасаса, Арал тағдырын қайталатын өзен пайда болуы мүмкін деген ойда.

-Көлге керек суды қайдан алады? Әрине Әмудәриядан алады. Әмудәрия Аралға су апаратын ең үлкен өзен. Бұл өзеннен су алса, Аралдағы су мүлдем азаяды. Мұндай сынақ жасаудың қажеті жоқ, кезінде мұндай әрекет жасалған.
Орталық Азия мемлекеттерінің кейбір экологтары жасанды өзен жасау табиғатқа зиян дегенімен, бұл туралы мәселе көтергісі келмейді, себебі бұл саяси мәселе,- дейді олар. Мәселен, мұндай пікірді «Азаттық» радиосына берген сұхбатында өзбекстандық маман «Экологиялық таза Фергана үшін» атты қауымдастықтың жетекшісі Ибрагимжон Домуладжанов білдірді.
Жасанды көл жасаймыз, деген жобаға қарсы қазақстандық мамандар болса, бұл жобамен толық таныс емеспіз дегенді айтады. Егер бұл жобаның құжаттарын егжей –тегжей зертеуге мүмкіндік болса, мәселе көтеруге болады, -дейді Мэлс Елеусізов.