Accessibility links

Қазақстанға қажеттi шетелдiк мамандардың азаматтық алуы жеңiлдетiледi


Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Азаматтық туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңға қол қойды. Онда Қазақстанға қажеттi мамандық иелерiнiң азаматтық алуына жеңiлдiктер көзделген.

Ондай мамандық иелерiнiң тiзiмiн мемлекет басшысының өзi белгiлейдi. Бұл заң туралы әрқилы пiкiр айтылуда. Мұның өзi бiр есептен кезiнде Қазақстаннан кеткен мамандарды қайта шақырып алудың амалы, соңы жақсылыққа апармайды деушiлер де кездеседi. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Серiкболсын Әбдiлдин:» Менiң түсiнiгiмше кезiнде бiз Кеңес дәуiрiндегi мықты мамандарымыздан айрылып қалдық. Оларға бөлек көзқарас, шетелден шақырылатын мамандарға басқаша көзқарас қажет. Өйткенi, Назарбаев шетелден инвестиция әкелдiм деп жар салып жүр. Шындығында, сол инвестиция артынан шетелдiк мамандар ерiп келiп, әкелген ақшаны өздерi жеп жатыр. Олар балғасы мен шегесiне дейiн сонан әкеледi. Ал, несиенi бiз үстемесiмен төлеймiз.Ал, бiз соларды асырап отырмыз»,-дейдi. Мәжiлiс депутаты Жекен Қалиұлының айтуынша, Қазақстанда тапшы мамандарға азаматтық беру заманауи қажеттiлiк. Оның үстiне Қазақстанның бұрынғы азаматтарының қайтып келiп, қайтадан азаматтық алуына мүмкiндiк туады. Бұдан ұтпасақ ұтылмаймыз деген пiкiрде. «Барлық ТМД елдерi азаматтық қабылдау үрдiсiн күрделiлендiрiп отыр. Оның себебi, елге экстремистiк ниеттегi адамдардың енiп кетуi мүмкiн. Ал,Қазақстан басшылығының сырттан мамандар тарту жөнiндегi қадамы дұрыс емес. Себебi, Қазақстандағы iрi өндiрiс орындарының басшылары орыстар мен украиндар. Олар осы заңды пайдаланып Ресей мен Украйнадан инженер мамандарды топ-тобымен тартады. Сол кезде жергiлктi кадрлер жұмыссыз қалады. Соған байланысты ел iшiнде наразылық туады. Бiз өз еңбек базарымызды қорғауымыз керек,-«дейдi саясаттанушы Әзiмбай Ғали. Ол шетелдiктерге Қазақстан азаматтығын бергенде әлемдiк тәжiрибеге сүйене отырып, олардың Мемлекеттiк тiлдi бiлуiн талап ету қажет деп есептейдi. Хабар дайындау барысында Астана тұрғындарының да пiкрлерiн сұраған едiк. Олардың бiрқатары мұндай қадамды құптаса, ендi бiрi ұлттық кадрлердi жасақтау қажеттiгiне тоқталады. Шетелден мамандар тартуға қарсы болып отырған сарапшылардың пiкiрiнше, барлық сала бойынша Қазақстан өзiне қажеттi мамандық иелерiн дайындауды жедел қолға алуы керек. Оқу бiлiм саласы бойынша алға қойылып отырған реформалық өзгерiстер негiзiнен осыған бағытталуы тиiс.
XS
SM
MD
LG