Accessibility links

Ауғанстанда сенбі күні болған президент сайлауында берілген дауыстарды есептеу үміткерлердің шағымдарын қарап болғанша кейінге қалдырылды


Ауғанстанда сенбі күні болған президент сайлауында берілген дауыстарды есептеу үміткерлердің шағымдарын қарап болғанша кейінге қалдырылды. Қазір келіссөз жүріп жатыр. АҚШ-тың Ауғанстандағы өкілі Салман Халилзад Хамид Қарзайдың бақталастарын сайлау нәтижесін мойындауға үгіттеуде. Дауыс беру барысында орны болған заңсыздықтардың барлығын тергеу үшін арнайы тәуелсіз комиссия құрылды. Ал осы кезде Ауғанстандағы АҚШ армиясының бас қолбасшысы Дэвид Борно: “Ауғанстандағы бірінші тікелей президент сайлауы – тәліптер мен “Әл-Қаида” жасақтарына айтарлықтай соққы болды”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG