Роуханидің мәліметінше, Қазақстан мен Иран дербес мемлекеттердің ядролық әрекеттері мәселесі бойынша пікір алмасқан. Оның сөзінше, екі жақта ядролық әрекеттің ашық және атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің қадағалауымен жүргізілуге тиіс деген тұжырымға келген. Бір де бір мемлекет басқа мемлекеттің ядролық қуатты бейбіт мақсатта пайдалану құқын шектеуге құқы жоқ деген тұжырымды ұстанып отырмыз, - деді Ираның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесінің хатшысы Хасан Роухани.
-
Естеріңізге сала кетсек, АҚШ Иранды жасырын түрде ядролық қару жасап жатыр деп айыптаған. Иран оны мойындамай отыр. Қазақстандағы саясаттанушылардың бірі Дос Көшімнің пікірінше, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі шешімі дұрыс:
- Барлық елдер өз саяси бағыттарын, өздерінің қандай қару ұстауын өздері шешу керек. Әрине, ядролық қаруды ұстамауға тырысу керек. Бірақ, онда барлығы ұстамауы керек. Жеке елдерге сен жақсысың, саған ұстауға болады. Басқасына сен жамансың, саған болмайды, деп айту халықаралық теңдікке қайшы.
Қазақстандағы саясаттанушылардың бірі Бөріхан Нұрмұхамедовтың пайымдауынша, АҚШ Иранның ядролық бағдарламасын сылтауратып, Иранға ықпал етуге тырысып келеді:
-АҚШ Иранның ядролық бағдарламаларына ықпал ету жолдарын іздеп жатыр. Иранның саясаты өздерінің ұлттық мүдделерін қолдайды.
Қазақстандағы сапары барысында, Роухани Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Каспий қауіпсіздігі төңірегінде келіссөздер өткізді. Онда теңізде шет елдік күштердің болмауы және аймақтың экологиялық проблемалары талқыланды. Роухани айтып өткендей, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселе қаралғансоң Тегеранда жуық арада мемлекет басшыларының саммитін өткізуге келіскен. Ираның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесінің хатшысы Хасан Роухани Каспий мәселесі бойынша журналистерге былай деді: «Біз Ісламдық Иран республикасы жасаған Каспий теңізі бойынша, сенім және қауіпсіздік келісімі жобасын Қазақстанда қарап шығады деп келістік. Біз, бірге, болашақта Каспий аумағындағы 5 мемлекетте осы құжат бойынша, келісімге келтіруге тырысамыз», - деді ол. - Каспий теңіз бе әлде көл ме, деген сұрақ әлі шешілмеген. Егер оның әлемдік мұхиттан бөлек екендігін ескерсек, онда Каспийді көл деп санау қажет. Бұл жағдайда, оны қоршап жатқан 5 мемлекет көл табанын сектор бойынша бөлуі жөн. Егер теңіз деп есептесе, онда халықаралық заңдарға сүйеніп, жағалаудағы елдерге 21 мың шақырымға жуық территория бөлініп, қалғаны бейтарап аймаққа жатқызылуы тиіс. Қазақстандағы саясаттанушылардың бірі Дос Көшімнің пікірінше, Каспий мәселесін халықаралық заңдарға сүйеніп шешу қажет:
- Егер, 5 мелекет арасындағы келісімді біреу бұза қалса, немесе өзгертуге тырысса, бәрібір біз халықаралық ұйымдарға, халықаралық сотқа жүгінеміз.
Каспийге деген елдердің қызығушылығы американдық зерттеушілердің теңіз түбінде 200 миллиард баррел мұнай бар деген жорамалынан кейін арта түскен. Осы уақытқа дейін, теңізді сектор бойынша бөлген, Кеңес одағы кезінде қабылданған заң жүзеге асырылып келген. Бұл орайда, Каспийдегі территория жағынан ең үлкен бөлігі Қазақстанның үлесіне тиеді. Одан соң Әзірбайжан, Түркменстан және Ресей тұр. Ең шағын территория Иранға тиесілі. Иран жағы - ресурстарды тек кондоминимум тұрғысынан, яғни тең бөліп пайдалану қажеттігін ұстанып отыр. Қазақстандағы саясаттанушылардың бірі Бөріхан Нұрмұхамедовтың пайымдауынша, Каспийдің құқықтың сұрақтарын теңіз аумағындағы 5 мемлекет басшыларының әр қайсысымен дербес келісу керек:
-Ең дұрысы әр мемлекетпен жеке келтіріп, кейін, 5 мемлекет арасындағы келісімге келу керек. Бұл жерде Иран келіспей отыр. Егер 4-еуі келіссе, 5-іншісін өз келісім - шарттарына шақыруы мүмкін.
Қазақстанның сыртқы істер міністрі Қасымжомарт Тоқаевпен өткен кездесуден кейін, Ираның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесінің хатшысы Хасан Роухани хабарлағандай, екі тарап экономикалық қарым-қатынас жөнінде келісімге келген.