Грузияның сепаратистік Абхазия республикасының президенті Владислав Ардзинба Орталық сайлау комиссиясының оппозициядан ұсынылған үміткерді 3 қазанда өткен президент сайлауында жеңімпаз деп қабылдаған шешіміне наразылық білдірді. Ол жөнінде Абхазияның Интернеттегі ресми парақшасында айтылады. Онда президент Владислав Ардзинба сайлау комиссиясының әлгіндей шешімі – заңға қайшы әрі қысыммен қабылданған қаулы деп атап көрсеткен. Ол, сондай-ақ, қантөгіске барудан аулақ болуға шақырды.
Абхазия республикасының президенті Орталық сайлау комиссиясының оппозициядан ұсынылған үміткерді 3 қазанда өткен президент сайлауында жеңімпаз деп қабылдаған шешіміне наразылық білдірді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"