Accessibility links

Ирақтың уақытша вице-премьері Барһам Салих: “Ирақ - Халықаралық қоғамның үлкен де шұғыл көмегіне аса мұқтаж болып отыр”


Ирақтың уақытша премьер-министрінің орынбасары Барһам Салих қаржылық демеуші елдердің Токиода өтіп жатқан халықаралық конференциясында: “Ирақ - Халықаралық қоғамның үлкен де шұғыл көмегіне аса мұқтаж болып отыр” -деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, халықаралық қоғамның кең қолдауы мен шұғыл көмегі – “терроризмнің тамырын жоюға” бірден-бір себеп болмақшы. Ол, сондай-ақ, БҰҰ-ының Ирақтағы рөлін арттыруға шақырды. “Рейтер” агенттігіне берген жеке сұхбатында Барһам Салих:... “Ирақ халқы мен үкіметі елдегі ахуалды дұрыс бағаламай отырған жоқ. Бірақ сіздер теледидардан күнде көріп жүрген қантөгіс пен қақтығыстар - Ирақтың қазіргі болмысын айқын аңғартпайды”, -деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG