Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан бойынша барлығы 1 мыңнан астам балабақша жұмыс істейді. Дегенмен, қай жерде де балабақшаға деген сұраныс көп. Астана қаласындағы балабақша меңгерушілерінің сөздеріне қарағанда, мектепке дейінгі тәрбие орындары, әсіресе, Астанада жеткіліксіз. Ғалия Әбуова: «Қазір балабақшалар жетпей жатыр, әсіресе қазақ тілінде тәрбие беретіндері. Жетіп тұрған балабақшаларды кезінде жауып тастады ғой. Бала өте көп, бізде 350 бала тәрбиеленуде, ал норма бойынша 180 бала тәрбиелену керек. Негізі бұл мекеме 12 топқа арналған, ал бүгінде одан да асып түсіп отыр», - десе, Ләззат Әлімбекова «Әр топта 25 баладан болу керек болса, қазір 40 баладан, тіпті одан да көп. Ауызша да, жазбаша да ата-аналар тарапынан өтініштер көп түседі», - дейді.
Ал Кенже Жұманов «Қарындасымның баласын 4 ай болды балабақшаға орналастыра алмай жүрміз. Себебі, қалалық білім беру департаменті директорының орынбасары Амантай Сәкенқызына кіргенімде, қазір қалада мыңдаған адамдардың кезекте тұрғанын, балаларын балабақшаға орналастыра алмай жүргендерін айтып жатыр. Бұрынғы бала бақшалардың 60-70 пайызы жабылып қалды, жаңадан ашылғандары жоқ. Аз дегенде қалаға 10-15 мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелер ашу керек», - дейді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің 3-съезінде бүгінде мектеп жасына дейінгі балалардың тек 19 пайызының ғана балабақшаларға баратынын, мектепке дейінгі балалар мекемелері 1990 жылдары жаппай жабылып қалғанғандығын айта келіп, Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдерге оларды қайта қалпына келтіруді тапсырғандығын айтқан болатын. Ал Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекова «Білім беру саласын дамытудың 2010 жылға дейнгі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келер жылы республика көлемінде 200-ге тарта балабақшалар, сонымен қоса 800 тегін шағын орталықтар ашылады. Ал Астанада 20 мектеп жасындағы балаларға арналған мекеме іске қосылатын болады. Онда 2 мыңға жуық орын балаларға арналып отыр. Бүгінде Астананың өзінде 5 мыңға тарта өтініш жазған ата-аналар кезек күтіп тұр», - дейді.
1 жарым жас пен 6 жас аралығындағы сәбилерге арналған шағын орталықтар Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында ашылды. «2005 жылдың қаңтар айынан бастап осы іске бюджеттен арнайы қаржы бөлінгелі отыр, ал әзірге демеушілердің арқасында жұмыс істеп тұр», - дейді аудандық оқу бөлімінің маманы Сәуле Сұрағанова. Балаларға арналған шағын орталықтың ашылғанына ата-аналар да қуанып отыр екен. Рахат Есімханқызының қызы бала бақшадағы балалардың ең кішкентайы екен. «Маған өте қолайлы болып тұр. 20 баланың ішіндегі сегізі мұғалімдердің балалары. Мен өзім де мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Шағын орталық мектептің ішінде орналасқандықтан тіптен жақсы болды», - десе, Балтаған Сәбитова «Кешкі сағат 5-ке дейін балаларымызды тәрбиешілерге тапсырып, өзіміз алаңсыз жұмыс істей береміз. Бұған дейін жолдасым үйде баланың жанында отыратын, өте қиын болды. Қазір балалармен ойнайды, тәрбие алады, тіпті балабақшадан кеткісі де келмейді», - дейді. Тимирязев ауданында ашылған шағын орталықтардағы оқу -тәрбие қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізілуде.