Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Беларуссиядағы демократияны дамыту шаралары жөніндегі заңға қол қойды


АҚШ президенті Дж.Буш Беларуссиядағы демократияны дамыту шаралары жөніндегі заңға қол қойды. Қазан айының басында Конгресс мақұлдаған бұл құжатқа сәйкес, Беларуссияда азаматтық қоғам қалыптастыру жоспарын жүзеге асыру мақсатында, осы елдегі үкіметтік емес ұйымдарға қаржылай көмек беру мәселесі қарастрылған. АҚШ президентінің сәрсенбі күні кешкісін жария етілген мәлімдемесінде: “Беларуссия президенті А.Лукашенкоға үшінші рет сайлауға түсуіне мүмкіндік беретін жексенбідегі референдум мен парламент сайлауы – заңсыздық пен сайлаушыларды жаппай үркіту жағдайында өтті”, -деп атап көрсетілген.
XS
SM
MD
LG