Ирақтағы АҚШ армиясының хабарлауынша, Әл-Фаллуджа қаласында иорданиялық лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің сыбайластары бас сауғалаған 2 баспана қиратылды. Бұл шара сүнни мұсылмандары бас көтерген Әл-Фаллуджа қаласында АҚШ әскерінің сәрсенбі күні жүзеге асырған соңғы соққысы болды. Кеше Самарра қаласында бомба орнатылған 2 автокөлік қатарынан жарылып, ирақтық 1 сәби қаза болып, 13 адам жараланды. Олардың басым көпшілігі – АҚШ жауынгерлері. Халықаралық қайырымдылық КЭА ұйымы Бағдадтағы кеңсесінің директоры Маргарет Хасан ханымның ұрлап әкетілуіне байланысты Ирақтағы жұмысын доғарды.