Accessibility links

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысы 2005 жылы болытын Халықаралық конгресске дайындалып жатыр


Қазанның 26 күні Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысы ядролық жарылыс мәселелерін талқылап, дөңгелек үстел өткізеді. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, бұл шара «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 15 жыл толуына орай өткізіледі. Әлемде бар ядролық мәселелерді көтеретін қозғалыстың отырысына Олжас Сүлейменов қатысады, деп күтіліп отыр.

Қазанның 26 күні «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысы ғалымдар мен экологтардың басын қосып, «Ядролық жарылыс болмайтын-21 ғасыр болашақпен жаңа жоспарлар» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді. «Невада-Семей» қозғалысы төрағасының орынбасы Майдан Әбішевтың айтуынша, бұл шараға олар көктем айларынан бері дайындалған.

Майдан Әбішев, «Невада-Семей» қозғалысы төрағасының орынбасары:

-

Негізінен, біз бұл шараны қазанның 19 күні өткіземіз, деп жоспарладық, себебі қазанның 19 күні соңғы рет атом жарылысы болған. Бірақ біз үлгермедік, енді 26 күні өткіземіз. Осы шара арқылы біз дүниежүзінде атом жарылысы болмасын, дегенді айтқымыз келеді. Қазіргі кезде жағдай өзгеріп жатыр, себебі Невада полигоны қайтадан іске қосылады, деген мәселе көтеріліп жатыр. Егер олай болып жатса, онда қайтадан жарылыс орын алады. Сонымен қатар, біз Семей полигоны маңында мекендейтін азаматтардың денсаулық мәселесін, олардың әлеуметтік жағдайы туралы мәселені көтереміз, деп отырмыз.

«Невада-Семей» қозғалысының отырысына эколог, «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов та қатысады. Мэлс Елеусізов бұл кездесуде көкейінде жүрген мәселелерді көтеруге дайын.

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» одағының жетекшісі:

-

Қазақстандағы кейбір мамандар мен парламент мүшелері мемлекетте бар ядролық қалдықтарды жою үшін, шетелден ядролық қалдық әкелейік, деген ұсыныс жасады. Осы арқылы олар шетелден ақша алып, бұл ақшаны ядролық қалдықтарды жою үшін пайдаланамыз, деген. Біз осы ұсынысқа қарсымыз. Екіншіден, Қазақстан үкіметі Балқаш маңына атом стансасын саламыз деп отыр. Біз бұл жобаға да қарсымыз, себебі Балқаш маңына ондай станса салуға болмайды, ол зиян болады. Келер жылдың мамыр айында, Алматыда антиядролық одақтың 4-ші Халықаралық конгрессі өтеді. Қазанның 26 күні өтетін отырыста қабылданатын ұсыныстар, конгресске жіберіледі, деп күтіліп отыр. Көп жылдан бері Семей полигоны маңын зерттеген маман Айтқожа Беғалиевтың айтуынша, полигон зардабын жою үшін 200-300 жыл керек. Айтқожа Беғалиев, биология ғылымының докторы, профессор:

-Радиация өте қауіпті. Негізінен, радиация табиғатта бар, күн сәулесімен, жер астында жатқан уранды кен орнынан шығарып, пайдаланғанда радиация қоршаған ортаға тарайды. Атом қуатын игергеннен кейін, адамзат бұл қауатты өз мұқтажына пайдаланды, қазіргі кезде де пайдаланып келе жатыр, бірақ негізінен адамзат атом қуатын қару –жарақ ретінде пайдаланады. Сол кезде бұл қоршаған ортаға көп зиян тигізеді.

Семей маңында жүргізілген ядролық сынақтар 1949 жылы басталып, 1989 жылы тоқтатылған. 40 жылдың ішінде 500 жуық ядролық жарылыс орын алған.
XS
SM
MD
LG