Accessibility links

Еуропа Одағы мен Иранның ресми өкілдері Теһранды уранды байыту бағдарламасынан бас тартуға көндіру мәселесі бойынша өзара келіссөзін қайта жалғастыруға тиіс


Бүгін Еуропа Одағы мен Иранның ресми өкілдері Теһранды уранды байыту бағдарламасынан бас тартуға көндіру мәселесі бойынша өзара келіссөзін қайта жалғастыруға тиіс. Келіссөз Аустрия астанасы – Венада өтпекші. Өткен аптада Ұлы Британия, Германия және Франция Иранға ЕуроОдақпен арадағы тиімді сауда-саттықты және, егер Теһран өзінің ядролық қару үшін де, ядролық отын үшін де қажетті байытылған уран -өндірісі бағдарламасын доғаруға кепілдік берген жағдайда, оған өзінің жеңіл суға негізделген бейбіт ядролық технологиясын ұсынды.
XS
SM
MD
LG