Accessibility links

Дзьюнитиро Коидзуми: Ирақтағы экстремистік топтың қолында кепілдікте ұстап отырған жапон азаматын дарға асып өлтіретінін ескертуіне қарамастан, Жапония әскерін Ирақтан шығармайды


Ирақтағы экстремистік топтың қолында кепілдікте ұстап отырған жапон азаматын дарға асып өлтіретінін мәлімдеуіне қарамастан, Жапонияның премьер-министрі Дзьюнитиро Коидзуми жапон әскерін Ирақтан алып кетпейтінін мәлімдеп отыр. Иорданиялық белгілі лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи бастаған топ Ирақта Жапония азаматын тұтқындап алып кеткенін мәлімдеп, Интернеттегі ислам сайттарының біріннен берілген бейнесюжетте егер Жапония Ирақтағы әскерін алып кетпейтін болса, әлгі тұтқынды 48 сағаттың ішінде дарға асып өлтіретінін ескертті. Күншығыс елінің Ирақта гуманитарлық міндеттерді орындайтын 550-ге жуық жауынгері бар. Оған қоса Токио Ирақта жапон азаматының жоғалғанын растамады.
XS
SM
MD
LG