Естеріңізге сала кетсек, Ресей екі азаматтық жөніндегі ұсыныстарын бұған дейін де айтқан болатын. 1995-інші жылы Мәскеудегі сарапшылар кездесуінде қазақстандық саясаттанушылардың бірі Сәбит Жүсіпов бұл ұсыныс қатты көтерілген дейді.
-
Ол кезде Қазақстан үшін, қос азаматтық ұсынысының тиімсіздігі делелденген. Қос азаматтық мәселесі ондаған жылдардан соң құрылған Еуропалық одақ сияқты елдермен бірігу төңірегінде көтерілуі мүмкін, дейді саясаттанушы. Ал қазіргі көтеріліп жатқан мәселе саясатқа сүйеніп отыр. Ресей, өз ықпалын кеңейту үшін, осы тезисті алға қойып отыр, - дейді Сәбит Жүсіпов. «Бұл елдің егемендігін шайқаумен пара - пар. Кез келген уақытта адам мысалы Ресей азаматтымын деп Қазақстан азаматы бола тұра жауапкершіліктен кетуі мүмкін», - дейді Сәбит Жүсіпов.
-
Саясаттанушының пікірінше, қос азаматтық активтермен қаржының еркін қозғалысына мүмкіншілік жасайды, ал, бұл жаңадан аяғына тұрып келе жатқан Қазақстан мемлекеті үшін қауіпті. Бірақ, бұл жағдайда арбаны да сындырмай өгізді де өлтірмес үшін, Қазақстан көп векторлы саясатты ұстанып отыр. Ресей болса, АҚШ-тың белсенді саясатынан кейін, осы төрттік елдеріне өз ықпалын күшейту шараларын жүзеге асырып жатыр. Ресейдің Украинада екі мемлекеттік тіл болсын деген мәселені көтергендігі де сол мақсатта жасалған,- дейді қазақстандық сарапшылардың кейбіреуі. Бірақ, Украина Ресеймен салыстырғанда батыс елдеріне, оның ішінде Еуропалық Одақ мемлекетіне көңілі ауып отырғандығы белгілі. Қазақстан үшін қос азаматтық тиімсіз, - деген пікірлер көп. Өйткені, Қазақстанда Ресейден гөрі АҚШ пен Еуроодақ елдерінің инвестициясы басым. Оның үстіне, Қазақстанмен Ресей бірқатар салалар бойынша бәсекелес болып табылады. Ал саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедовтың ойынша, төрттік құрамындағы мемлекет тұрғындарына қос азаматтық беру ұсынысы Кеңес одағы кезіндегідей құқықтарды жақындату үшін жасалып отыр.
-Мақсат, қайтадан, сол азаматтық құқықтарды біріктіріп, жинап, сәл болса да жақындату. Адами, азаматтық құқықтарды біріктіріп, Еуроодақ сияқты мәселеге бару.
Еуразиялық экономикалық кеңістік Еуропалық Одақтың көңілін бұзып келе жатыр, - дейді қазақстандық саясаттанушылардың бірі Әзімбай Ғали. Әр отырыс сайын, Еуро Одақ төрттікке күдікпен қарайды. Саясаттанушының пікірінше, Ресей Украинаға қолдау көрсетіп, есесіне әскери өндіріс кешенін бірге дамыту талабын қойған. Орыс тілділер және қос азаматтық мәселелерінің көтерілгендігі де осыған байланыстырылып отыр. Мақсат, Украинаны Еуроодаққа жібермеу - дейді Әзімбай Ғали. Саясаттанушының пайымдауынша, қос азаматтықтың Қазақстанға да керегі жоқ:
-Қос азаматтық Қазақстанға тиімсіз. Ол Қазақстанда жүзеге асса, Ресей Қазақстан билігіне қысым жасауға мүмкіншілік алады. Абхазиямен Оңтүстік Осетияда Ресей азаматтығы бар. Сол Грузияға қысым ретінде пайдаланып жүр.
Азаматтық дегеніміз, тәуелсіз мемлекеттердің аумағы, экономикасы, валютасы сияқты заңдық параметрлерінің бірі болып саналады, - дейді саясаткер Әміржан Қосанов. Оның пікірінше, Ресейдің бұл ұсынысы бәрібір жүзеге аспайды:
-Әр бір мемлекет ішінде бұған қарсы күштер бар. Әрине, олардың ішінде әсірешіл сипаттағылар, ұлтшылдар, ұлт жандылар бар, олардың айырмашылығы бөлек. Бұл сайлау сияқты науқан алдында тасталған ұран.
Бұл ұсыныс жасаған бастамашыларға саяси дивиденд әкелуі мүмкін, бірақ, одан аспайды , - дейді саясаткер Әміржан Қосанов. Ал, славян халықтарының көп шоғырланған жері Украниамен Беларуссия елдері қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Қазанның 27-сі күні Мәскеуде Ресеймен Беларуссияның форумы басталды. Негізгі тақырып, Еуразиялық интеграция және Ресей мен Беларуссия одақ мемлекетінің қалануы.