Accessibility links

Еуропа Одағы Тегеранға соңғы рет сөз салды


Еуропа Одағы Иранның уран байыту қызметін тоқтатқызу мақсатында бүгін Тегеранға соңғы рет сөз салды. Еуропа Комиссиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының шектеулеріне Иранның тап болғанын қаламаймыз дейді. Осыған байланысты Франция, Германия және Британия Иранға бейбіт ядролық технологияны ұсынып отыр. Вена қаласындағы жиында Иран ұсынысты қабылдамаса еуропалық елдірдің көпшілігі Америка Құрама Штаттарының талабына қосылады, мәселені Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне шығаруды жақтайтын болады деп айтылды. АҚШ Иран ядролық қаруға ұмтылып отыр деп айыптайды, Иран мұны жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG