Ирақ үкіметі әскерге жаңадан шақырылған 49 азаматтың ажалы жайында тергеу жүргізіп жатырмыз деп мәлімдеді. Уақытша бас министрі Ияд Аллауи жексенбі күні болған жаппай өлтіруге АҚШ бастаған әскери бірлестіктің салғырттығы жол ашты деп сипаттады кеше Ұлттық кеңесте сөйлегенде. Бірақ Ияд Аллауи АҚШ бастаған коалицияның қатесі неде екенін ашып айтпады. Қорғаныс министрі Хазем Шалаан болса "Әл Арабия" телекомпаниясына берген сұхбатында әскерге шақырылғандар өздері кінәлі, олар дайындық базасында дәрістемелері аяқталған соң үйлеріне өздері рұқсатсыз кетіп қалған деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV