Accessibility links

Украина ішкі істер министрі Микола Билокон жексенбі күнгі президенттік сайлау кезінде қауіпсіздік шаралары үшін қажет болса полиция күштерін жұмылдырамыз деп ескертті


Министрдің айтуынша, дауыс беру бекеттеріне 140 мыңдай сақшы жіберілген. Ал оппозицияны қолдаушылардың дүйсенбі күнгі шерулеріне 2200 қосымша сақшы жіберілмек. Бұл арада Януковичті қолдайтын президент Кучма жұма күні отансатарын сабырға шақырды.

-Кейбіреулер бұл сайлауды әсіре мифтік көріністе сүреттегісі келеді. Ал ол отандастарды дос және қас топтарға бөліп жіберуі мүмкін. Демократиялық қоғамда халық саяси бағдарлама негізінде әрекет жасап, саяси тұлғаларды таңдайды, - деген Украина президенті. Украина елбасылығына 24 үміткер тіркелген.

Ресей президенті Путин сенбі күні Ресей-Украина қос азаматтығы жөніндегі жаңа ереже үстінде жұмысты жедел бастауға шақырды.
XS
SM
MD
LG