“1977 жылдан өткізіліп келе жатқан компьютерлік бағдарлама жазушылардың әлем чемпионатына Қазақстан былтыр бірінші рет қатысқан еді” – дейді, Алматыдағы жарысты ұйымдастыру комитетінің мүшесі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Нарғозы Данаев
-
Былтырғы жарыстардың нәтижесі бойынша, халықралық ұйым Қазақстанның аймақтағы орнын танып, келесі кезеңге қатысуға 20 командаға рұқсат беріп отыр.
Жарыс алдында командалар өз біліктерін тағы бір пысықтап шықты. Әрбір сәт олар үшін маңызды. Астанадағы Евразия Ұлттық Университетінен келген 3 команданың жетекшісі Әбілмәжін Адамовтың айтуынша, жарысқа қатысушылар 5 сағаттың ішінде 9 есепке компьютерлік бағадарлама құрулары керек. Бағдарламалар негізінен Java, С++ , Паскаль және Дельфи секілді бағдарлама жасау тілдерінде жазылады.
-
Бағдарлама жасаудың тілдері өте көп. Бірақ жарыстың ережесі бойынша негізінен Дельфи және С++ тілдерінде бағдарлама жасағаны жөн.
Әр команда 3 адамнан тұрады. Бірі ағылшын тілінің, екіншісі математикалық есептердің және үшіншісі бағдарлама жазу маманы болуы керек. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Нарғозы Данаевтың айтуынша жарыс қорытындысын шығаруда бірнеше жайттар ескеріледі.
-
Есептердің тапқыр жолмен шығарылуы, дұрыс және тез шығарылуы айрықша ескеріледі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универсиетінің механика-математика факультетінің қабырғасына Қазақстанның әр аймағындағы жоғарғы оқу орындарынан жиналған командалардың мүшелері әлем чемпионатының маңыздылығы жөнінде былай дейді.
-
Егер бұл жарыста жеңіп шықсаң, сені көбі программист ретінде тани бастайды. Жаңа келген программистер өздерінің жаңа иждеяларымен еледі деп ойлаймын. -
Мен математикпін, дегнмен математиктер үшін де компьютерлік бағдарламаларды білу қажет деп есептеймін.
Ер балалардың қарасы басым жарысқа қатысып жатқан қыздардың саны аз. Солардың бірі, Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ақпаратты қорғау технологиялары саласына маманданып жатқан Әсем Темірханова, Қазақстан жастары қазір компьбютерлік технологиялар мен бағдарлама жасау ісіне ұмтылуы керек деп есептейді..
- Менің ойымша, компьютер технологиялары қазіргі кездегі ең қызықты сала болып табылады. Жаңа әрі енді зерттеліп жатқан бұл сала жастар үшін өте қызық.
Ұйымдастыру комитеті рұқсат берген соң жарысқа қатысушыар арнайы жасақталған компьютер кластарында сайысқа кірісіп кетті, енді оларды мазалауға ешкімге рұқсат жоқ. Ұйымдастыру комитетінің мүшесі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Нарғозы Данаевтың айтуынша, аймақтағы біздің басты қарсыластарымыз Қырғызстан мен Ресейдің командалары.
-
Қырғызстан көп жылдардан бері қатысып келе жатыр , бірнеше рет ақтық сынға жолдама алды. Екінші бір қарсыласымыз Ресейдің оқу орындары. Мысалы санкт-петербург университеті былтырғы жылды есптегенде әлем біріншілігінде 4 рет чемпион атанды.
Астанадағы Евразия Ұлттық Университетінен келген командалардың жетекшісі Әбілмәжін Адамов компьтер бағдаламаларын жазудан өтетін әлем чемпионатына былтырдан бері ғана қатысып келе жатқан қазақстанның бұл саладағы мүмкіндіктері зор деген сенімде.
-
Биыл біздің аймаққа жартылай финалға шығуға 20 орын берілуін, біздің компьютерлік бағдарлама жасау мамандарының еңбегінің бағаланғаны деп есептеймін. Біздің мүмкіндігіміз бұл салада жеткілікті деген ойдамын
Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Гүлнар Балақаева, мұндай жарыстар оның қатысушыларына келешекте компьютер технологиялары саласында лайықты жұмыс табуларына көп себін тигізеді дегенді айтады.
-
мысалы Санкт-Петербург Университеті әлем чемпионатыны ұтып алғаннан кейін көптеген IT-компаниялар осы қалада өздерінің өкілдіктерін ашып, компьютер мамандарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етті.
Жарыс қорытындысын Америка Құрама Штаттарында орналасқан “Есептеу Техникаларының Бірлестігі” деп аталатын халықаралық ұйым мамандары шығарады. Алматыдағы ширек финалдың ұйымдастырушыларының айтуынша, жартылай финал Өзбекстан мен Ресейде, ал ақтық сын көктемде, Қытайдың Шанхай қаласында өтеді деп жоспарланған. Атап өтерлігі компьютерлік бағдарлама жазудан ақтық сында топ жарғандарды Нобель сыйлығы секілді түрлі ірі ғылыми сыйлықтардың мүшелерімен қатар мараптаттайтын болады.