Accessibility links

5 келі жарылғышты кеудесіне байлап, Тель-Авив базарында 3 израильдіктің қаза болып, 32-сінің жаралануына себеп болған жарылысты жүзеге асырған палестиндік-лаңкес – 16 жаста көрінеді


5 келі жарылғышты кеудесіне байлап, Тель-Авив базарында 3 израильдіктің қаза болып, 32-сінің жаралануына себеп болған жарылысты жүзеге асырған палестиндік-лаңкесв – 16 жаста көрінеді. Палестинаны аза ету ұйымының Париж түбіндегі ауруханада емделіп жатқан лидері Ясир Арафат, өзінің көмекшісі арқылы, бұл лаңкестікке наразылық білдірген мәлімдемесін жеткізді. Палестинаның тағы бір ресми өкілі Саиб Эрекат та бейбіт халыққа қарсы жасалған қастандыққа наразылық білдірді: “Біұл шабуылға наразылық білдіреміз. Өйткені, бейбіт халыққа қарсы қиянат жасауға біз қашан да қарсы болдық. Және де біз халықаралық қауымдастықты екі арадағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру үшін кез-келген мүмкіндікті қолдануға шақырамыз. Себебі бұл – осындай қантөгісті айыздықтайтын жалғыз жол”.
XS
SM
MD
LG