Accessibility links

Қазақстан парламенті мәжілісінің мерзімі тақап алған спикері Жармахан Тұяқбай бүгін үкіметті заңды бұлжытпай орындап, сөз еркіндігін қудаламауға шақырды


Қазақстан парламенті мәжілісінің мерзімі тақап алған спикері Жармахан Тұяқбай бүгін үкіметті заңды бұлжытпай орындап, сөз еркіндігін қудаламауға шақырды. Оның пікірінше, мемлекет сөз бостандығы мен халықтың бірлігін және пікірталас еркіндігін қорғауға тиіс. Жармахан Тұяқбай – оның өз пікірінше, асқан бұрмалаушылықпен өткен парламент сайлауына наразылық білдіріп депутаттық мандаты мен президенттік “Отан” партиясы төрағасының орынбасары лауазымынан бас тартты. Ол жаңа парламенттің сәрсенбі күні басталатын бірінші сессиясына дейін парламент Мәжілісінің төрағасы болып қалады.
XS
SM
MD
LG