Бірі ирландиялық, екіншісі косоволық, келесісі филиппиндік ол үш азаматты көліктерінен 28-қазан күні әлгі күштер ұстап әкеткен болатын. БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек қызметі басшысы Мануил де Алмейда е Силва бұл жөнінде: “Үш әріптесімізді бақылауда ұстап отырғандарын айтушылар олардың денсаулық жағдайының нашарлап кеткендігін баспасөзге хабарлаған болатын. Демек оларға көрсетілетін ең басты медициналық көмек оларды тез арада босатқанда ғана мүмкін болады”-, деген еді. Бұл дағдарысты шешуге байланысты келіссөздер апта басында болмақшы.