АҚШ-тың 15 мыңға жуық қолы мен Ирақтың бірнеше жүз жауынгері көтерілісшілердің бақылауындағы Әл-Фаллуджа қаласына шабуылын одан әрі жалғастырып, бүкіл қалада АҚШ зеңбіректерінің жаңғырығы мен авиациясының гуілі естіліп тұр. АҚШ армиясы өкілінің хабарлауынша, қақтығыс барысында шашамен 42 көтерілісші оққа ұшты. Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауи, оның өз сөзімен айтқанда, қаладағы террористердің көзін жою үшін шабуылды бастауға өзі батасын берді. Ирақтағы АҚШ күштерінің бас қолбасшысы Джордж Кейсидің мәлімдеуінше, ең ауыр шайқас Әл-Фаллуджада болмақшы және ол шайқас бірнеше күнге созылатын түрі бар.