Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Армитидж бүгін Пакістан астанасында мемлекет басшылығымен келіссөздер жүргізді


Ресми бұлақтарға қарағанда, келіссөздер барысында лаңкестікке қарсы күресте өзара ынтымақтаса күресу, Итақтағы соғыс мәселесі және Ауғанстандағы жағдайлар талқыланған. Пәкістан сыртқы істер министрлігінің өкілі Масуд Ханның айтуынша, Ричар Армитидж бен Оңтүстік Азия бойынша мемлекеттік хатшы орынбасары Кристина Рокка Сыртқы істер министрі Қасуримен кездесуден алдын пәкістандық сыртқы істер министрлік өкілдерімен өзара пікір алмасқан. АҚШ мемлкеттік хатшысының орынбасары енді Пәкістан президенті Мушарраф және бас министр Шауқат Азизбен кездеспек.
XS
SM
MD
LG