Жоғары кәсіптік білім беру дегеніміз – қоғамдық игілікке қызмет ету және болашақ кәсіп үшін инвестиция салу. Ал инвестиция салудан бұрын ол өнімнің болашақта пайда әкелетіндігіне кәміл сену қажет дейді кәсіпкер мамандар. Бүгінде кәсіпкерлер арасында туындап отырған проблемалардың бірі- сапалы мамандардың жетіспеуі. Дегенмен, Республикадағы жоғарғы оқу орындарын жыл сайын тәмәмдап жатқан жастардың көбі қолдарында дипломдары бола тұра, жұмыссыз қалуда. Қазақстан кәсіпкерлер форумының Алматыдағы филиалының директоры Тимур Назханов, бұл жағдай бүгінгі жоғары білім беру мекемелерінде кез келген мамандықты тереңінен емес, жалпылама оқытудың себебінен туындап отыр дегенді айтты.
- Мынау қазіргі кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге жалпы менеджер, жалпы юрист, жалпы эканомистер керек емес. Бүгін мысалы , юрист болса, халықаралық қатынастар немесе менеджер болса жалпы емес, әр сала бойынша терең білім алған маман болу керек.
Сол себепті, Тимур Назханов, жоғарғы оқу орны басшылары оқу бағдарламаларын талқылау барысында жұмыс беруші кәсіпкерлермен тығыз байланыста болса, болашақ жас мамандар жұмыссыз қалмайды деген ойда.
- Кәсіпкерлер, жұмысберушілер оқу бағдарламаларын дайындағанда немесе мынау мемлекеттік стандарттар дайындағанда арасында кәсіпкерлер де болу керек. Оларда талдауға қатысу керек, олардың пікірін есту керек, білу керек. Сол бағдарламаны дайындағанда кәсіпкерлердің ой-пікірін енгізу керек.
Ал, Еуразия халықаралық эканомикалық Академиясының басшысы Баянғали Қойшыбаевтың сөзіне қарағанда , жоғары білім беру ісін дұрыс жолға қоюдың бір жолы - мемлекет басында қабылданып отырған бағдарламаларды жүйелі түрде жүргізу болып табылады.
-Барлық елдерде алдымен бағдарлама жасалынады, іздейді, содан кейін барып жобаны таңдайды, содан кейін барып қана жоспарды қолдайды. Ал біздің министрлікте жасалынып жатқан заттардың барлықтарынан олардың барлығы басынан бастап аяғына дейін былығып жатыр.
Сонымен қатар, билікке келетін әрбір министр өзінше реформа жасағанды ұнатады дейді Баянғали Қойшыбаев.
- Біздікі бірден келеді де ешқандай мұратсыз, ешқандай құндылықсыз, жаңадан бір министр келетін болса, ол өзінің мақсаты бар бірден келеді де жаңадан жоспар жасай бастайды
Осы ретте Баянғали Қойшыбаев, әр мемлекет өз ұрпағының болашағын ойлауы тиіс . Әр халықтың өз ерекшелігін ескере отырып, бала тәрбиесінде өзінің ұлттық ұстанымы болғаны абзал деген пікір айтты.
-Ең бірінші біздің өзіміздің ұлттық бағдарламамыз болу керек. Барлық ел – жұртпен біріккен өзіміздің жобамыз болу керек. Тек қана содан кейін барып біз жоспарға кірісуіміз керек.
Бүгінде Қазақстанның бірнеше жоғарғы оқу орындарында аралық білім беру әдістемелері қолданылады. Соның бірі Алматыдағы Қазақ- Британ Техникалық университеті студенттері әр мамандық бойынша, өз пәндері мен ұстаздарын өздері белгілеу мүмкіндігіне ие. Аталмыш білім ордасының проректоры Филлип Пардоның сөзіне қарағанда, қай жағынан қараса да бұл өте тиімді жүйе. Кей адамдар 5 жылдық бағдарламаны 3 жылда аяқтауы мүмкін, тура сол сияқты басқа біреу ол оқу бағдарламасын 8 жыл бойы оқуы мүмкін. Б ұл жерде адам өз мүмкіндігіне қарай білім ала алады. Ал осы жоғарғы оқы орнының халықаралық магистратура департаменті директоры Ербол Исабеков, студентті бос жіберсек, ол кейін жұмыс істеуге барғанда өз білімсіздігімен оқыған университетіне жаман атақ әкелуі мүмкін деген пікір айтты. Сондықтан біз студентке, негізігі 5-6 пәнді міндетті түрде оқы деп көрсетіп, сонымен қатар басқа пәндерді таңдап оқу жағдайын жасағананымыз дұрыс деуде.