Дүние жүзі елдерінің жетекшілері Палестина автономиясының лидері Ясир Арафаттың қайтыс болуына байланысты көңіл айтып жатыр. Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон – Арафаттың дүние салуы – Израил мен Палестина арасына тыныштық әкеледі деп үміттенеді: "соңғы оқиға, бәлкім, Таяу Шығыста тарихи бетбұрыс жасауға мүмкіндік берер. Тыныштықтың орнауын қалайтын Израиль Палестинамен арадағы саяси келісімге келуге бағытталған іс-әрекетін әрі қарай жалғастыра береді”.
АҚШ президенті Джордж Буш та көңіл айтып, болашақ – тыныштық пен Палестина халқының тәуелсіздік пен демократиялық мемлекет құрудағы аңсағанына жеткізер деген үмітін білдірді. Ресей президенті В.Путин, БҰҰ-ының бас хатшысы Кофи Аннан және басқалар да көңіл айтысты.