Ирақтың уақытша үкіметі Бағдадтың халықаралық әуе жайы бейбіт жолаушылар үшін келесі бұйрыққа дейін жабылатынын хабарлады. Өткен дүйсенбі күні премьер-министр Айад Аллауи әуе жайды алғашқыда - АҚШ армиясының Әл-Фаллуджа қаласына шешуші шабуылының қарсаңында жариялаған “төтенше жағдайына” байланысты уақытша 48 сағатқа жапқан болатын. Ирақ үкіметі, сонымен қатар, Бағдадты қоса алғанда, елдің басқа бірнеше қаласына комендант сағатын орнатып, елдің Сириямен және Иорданиямен арадағы шекарасын жапты.
Ирақтың уақытша үкіметі Бағдадтың халықаралық әуе жайы бейбіт жолаушылар үшін келесі бұйрыққа дейін жабылатынын хабарлады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?