Қазақстанның Коммунистік партиясының хатшысы Төлен Тоқтасыновтың айтуынша Лондон қаласында негізінде Қазақстан оппозицясының серкелері біріккен оппозицияға опозициялық партиялардан басқа оппозициялық бағыттағы түрлі қоғамдық ұйымдарды да жәнеде соңғы кезде оппозициялық көзқарас, пікір айтып жүрген бұрынғы мәжіліс спикері Жармақан Тұяқбаев, бұрынғы облыс әкімі Заманбек Нұрқәділов секілді адамдарды да өздеріне тарту керектігіне келіскен.
Лондонда өткен халықаралық жиынды Ұлыбританияның үкімет басшысы Тони Блэрдің демеуімен құрылған халықаралық проблемаларды зерттеу ісімен айналысатын европадағы жетекші аналитикалық орталық «The Foreign Policy Centre» және бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі демократиялық өзгерістерді қолдау, азаматтардың саяси құқықтарын қорғау мақсатында жаңадан құрылған бейресми ұйым «International Freedom Network» екеуі бірлесіп осы халықаралық конференцияны ұйымдастырыпты.