Иран парламентінің кертартпа әрі бітіспес депутаттары елдің уранды байыту өндірісін уақытша тоқтату туралы үкіметтің ЕуроОдақпен арадағы келісімін ащы сынға алды. Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, Иран парламентінің бүгінгі дау-жанжалмен өткен отырысында болған депутаттар Иран тым көп есе жіберді деп арызданған. Бір депутаттың пікірінше, ЕуроОдақпен арадағы келісім ұлттық мүддеге қайшы келеді, өзге депутат – келісімді тіпті мемлекеттік сатқындық деп бағалады.