Accessibility links

АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, Әл-Фаллуджа мен Мосуіл қалаларында көтерілісілермен арадағы шайқастар бәсеңдеді


АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, Әл-Фаллуджа мен Мосуіл қалаларында көтерілісілермен арадағы шайқастар бәсеңдеді. Мосул қаласында өткен түн тыныш болды, ал АҚШ армиясы мен Ирақ күштері көтерілістің шағын ошақтарын жою үстінде. Әл-Фаллуджадан аттандырылған АҚШ күштері Мосул қаласында көтерілісшілер басып алған полиция бөлімдері мен ресми кеңселерді және көпірлерді босатты. Бүгін Әл-Фаллуджаның оңтүстігі мен орталығында зеңбірек оқтары жарылды. Әйтсе де бір аптаға созылған шайқастан кейін қаладағы қақтығыстардың қарқыны бәсеңдеді. Маргарет Хассанды ұрлап алып кеткен Ирақтағы экстремистік топ оны өлтірді деп күдіктеніп отыр оның отбасы.
XS
SM
MD
LG