Жастар оқу ақысы көтерілсе оқу орындарындағы білім деңгейіде көтерілу керек деп есептейді
Қарашаның 17-сі халықаралық студенттер күні Алматы оқу орындарында әр қилы аталып өтті. Бүгінгі студент жастардың жағдайы мен қазіргі білім саласының жай-күйіне байланысты ой пікірлерін білу үшін микрофон ұсынғанымызда Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті Бауыржан Тірек білім алуға талпынатын ауыл балаларының жағдайы көбірек алаңдататынын айтты:
-Білім саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Қазір оқуға түсу қиын болып кетті. Оқу ақысы өте қымбат. Жылына 250 мың теңге төлеп оқу кез келгенннің қолынан келмейді. Осы жағдайға депутаттар назар аударса деймін. Білім жүйесінің жай-күйі тек білім саласының қызметкерлерін ғана ойландымауы тиіс.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Нұрлан білім саласында реформаларды әлеуметтік жағдаймен байланыстырып теріске шығаруға болмайды деген пікірін білдірді: -Қазақстанда әр салада халықаралық сапа стандартына ену жолында түрлі қадамдар жасалып жатыр. Мен бұл мәселені қолдаймын. Оқу орындары тек оқу ақысын ғана емес, беретін білім деңгейінде көтеру керек. Мысалы, мен өзім оқитын университетті мақтан тұта аламын. Университетіміз оқу ақысын өсіргенімен студенттерге жағдайды өте жоғары деңгейде жасады. Еуропалық стандарттарға сәйкес білім беру жүйесін қолға алды.
Ал Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономика университетінің студенті Ілияс Соңғұл: “білім жүйесіндегі реформалармен келісуге болады. Бірақ мамандықтарға берілетін грант пен несиелік орындар санын болашақта екі, үш есеге дейін ұлғайту қажет. Сапасыз мамандардың көбейіп бара жатқандығы болашаққа қауіп” дейді.
-Менің ойымша, бірінші - оқытушылардың жағдайын көтеру керек. Ұстаздардың жалақысы 20 мың теңге ғана. Лекция кезінде ол ұстаз білім туралы емес үйге барғанда балама қандай тамақ дайындаймын деп ойланып отырады. Егер ұстаздарда ондай проблема болмаса, тек білім беруді ғана мақсат тұтса онда сапа да көтеріледі.
Абылайхан атындағы Әлем тілдер университетінің студенті Еркеғали Төремұратов: “бүгінде кәсіби мамандардың дайындалмай жатқандығына оқу орындарының материалдық техникалық базаларының нашарлығы себеп болып отыр” дегенді тілге тиек етті:
-Көбінесе қазақ тілінде оқу құралдары жетіспей жатады. Интернетті тиімді пайдалану деген бар. Ең өзеекті мәселе жастардың түрлі діни ағымдарға ілесіп кетіп жататындығы. Қазіргі аға буын өкілдерінің аузынан: “жастар енжар” деген пікірді жиі естіп жүрміз. Өкінішке орай бұл пікірдің астында шындық жатыр. Шет елдік сарапшылар Қазақстан жастар өте бейқам жүреді деп айтады. Ол рас. Өйткені көп жастар өздерінің орнын біле бермейді. Өзін осы мемлекеттің азаматы ретінде сезіне алмайды.