Оның атап көрсетуінше, Иранның астыртын ядролық бағдарлмасы жоқ. Шетелде жүрген “Ирандағы қарсылықтың Ұлттық Кеңесі” атаулы оппозициялық тобы кеше Теһран түбінде Иран астыртын түрде ядролық қару шығару бағдарламасын іске асырып жатыр деп мәлімдеді. АҚШ мм мемлекеттік департаментінің өкілі Эдам Эрели бүгін “ол мәлімдеменің ақиқатқа сәйкестігін АҚШ-тың тексере алатындай мүмкіндігі жоқ, Ираның ядролық бағдарламасын бақылап отырған МАГАТЭ – осы және басқа да хабарларды ескеріп, оларды тиянақты тергейтін болады”, –деп ескертті.