Accessibility links

Ресей Иран ядролық бағдарламасына көмектесе бермек


Ресей ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Иванов кеше Иран жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Хасан Роуханимен телефон арқылы сөйлесіп, Иран бейбіт ядролық бағдарламасына көмектесе береміз деп айтты. Бұл халықаралық міндеттелерге сай, - деді Иванов. Ресей Бушер ядролық реакторын салуға көмектесіп жатыр, жоба құны 800 миллион доллар. Бұдан соң Ресей Иранға ядролық отын сату келісіміне қол қоямыз деген үмітте. Иран оппозициялық тобы Иран ядролық қару өндіріп отыр деп сәрсенбі күні мәлімдеген болатын. Иран ядролық бағдарламасының бастығы Хұсейн Моусавян кешегі сөзінде айыптауды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG