Accessibility links

Егер Украинадағы сайлаулар әділ өтпеген жағдайда бұл елмен Құрама Штаттары қарым-қатынасын қайта қарайтыны жөнінде ел басы Джордж Буш ескертті


Ол сондай-ақ елбасы Леонид Кучмаға жолдаған хатында Украина жасақтарын Ираққа жібергені үшін рахметін айтты. Ал, Кучма мырза болса, сайлау алдында халыққа арнауын жолдауда. Бәйгеге мәскеушіл бағыттағы саясаткер және қазіргі өкімет басшысы Виктор Янукович пен оппозициядағы саясаткер, батысшыл бағыттағы Виктор Юшенко түсіп отыр. Сайлауларға бақылау жасау үшін Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Борис Грызлов, сондай-ақ АҚШ Сенаты Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Ричард Лугар Киевте жүр.

AzattyqTV

Астана маңындағы ауыл

Қояндылықтар жол сұрайды

XS
SM
MD
LG