Қазақстан президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішевтің мәліметінше бұл ақпарат шындыққа ұласпайды:
- Қазақстанда ойын еркін білдіруге толық құқық берілген. Біздің елімізде оппозициялық газеттер шығады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың жиналысына қатысқан Астандағы әйел құқықтарын қорғау ұйымының төрайымы Гулзи Набиеваның айтуынша, аталмыш ұйымға бір жылда 400 адамнан шағым түсіп тұрады. Олардың біразы әйелдердің жынысына, жасына қарап кемсітуге қатысты, дейді Гулзи Набиева. Оның сыртында, өз ойларын еркін жеткізе алмай шағымданып келгендер бар дейді ол:
- Шағымдар адамның ойын білдірту және сөз бостандығына байланысты.
Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық өкілі Елена Савельеваның айтуынша, бұл орталыққа сөз бостандығына қатысты шағымдар түспеген. Керісінше, бұқаралық ақпарат құралына бір шағым болған. Олар тергеу бітпеу жатып басылымға ақпарат орналастырған, дейді Еленаа Савельева.
"Фридом Хаус" халықаралық ұйымының өкілі Антонио Стангоның айтуынша, Қазақстан адам құқығы жөніндегі негізгі екі құжатқа қол қойғанымен оларды бекітпеген. Және олардың сөз бостандығына қатысты кейбір баптары толық орындалмайды. Бұл тек адам құқығы жөніндегі жалпы декларация принциптеріне ғана емес, Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының талаптарына қайшы дейді "Фридом Хаус" халықаралық ұйымының өкілі. Аталмыш ұйым Орта Азия елдеріндегі жемқорлық индексін жүргізіп отыратын халықаралық ұйымдардың бірі. Қазақстандағы жемқорлық төңірегіндегі жағдай Орта Азиядағы ең нашарларының бірі, деді "Фридом Хаус" халықаралық ұйымының өкілі Антонио Станго.
Бірақ, билікпен диалог бар, бұл жақсы жайт, деді Қазақстанда бір жыл істеген "Фридом Хаус" халықаралық ұйымының өкілі. Атырау қаласында шығатын «Алтын ғасыр» газетінің редакторы Жұмабай Доспановтың айтуынша, Атырау жемқорлықтың ең қайнап жатқан үштігінің біреуі. Сөзінің айғағы ретінде журналист мынадай мысал келтірді:
- Кішкентай монша бағасы 9-50 миллион теңге. Мен өзім құрылыста істегенмін. Мен 1-5 миллионға жасап берер едім. Яғни 5-10 есе бағасын өсіреді.
Бұл орайда, Қазақстандағы саясаттанушылардың бірі Берік Әбдіғалиевтің пікірі өзгеше.
- Орта Азиядағы ең бізде жемқорлық дамыған деп айту қиын маған. Өйткені, ол барлық қасымыздағы елдерде бар. Бізде мұнайға бай, қаражатымыз көптеу болуынан мүмкін.
Атырау қаласында шығатын «Алтын ғасыр» газетінің редакторы Жұмабай Доспановтың айтуынша, Қазақстанда сөз бостандығы саласындағы жағдай мәз емес. Мен бұдан ертеректе прокуратура органдарынан қысым көргем, әлі күнге дейін президент туралы ақпарат бергенім үшін, газетімізге қысым көрсетіліп жатыр, дейді Жұмабай Доспанов.
- Редакцияға шабуыл жасаған 11 полициямен, менің үйіме шабуыл жасалған 9 полициямен, 2 ұлымды соққыға жықты.
Қазақстандағы саясаттанушылардың бірі Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, сөз бостандығы мүлдем жоқ деп айтуға болмайды:
- Билікке бағынышты бұқаралық ақпарат құралдарында сөз бостандығы жоқ деп айтуға болады. Ал жалпы Қазақстанда бәрі өз ойын айта алады.
Осы аталған мәселелер "Фридом Хаус" халықаралық ұйымының бастауымен өткізіліп отырған жиналыста екі күн қаралады. Қазақстандағы адам құқықтарына оқыту және оны қолдау бағдарламасын АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі қаржыландырады. «Азаттық радиосы үшін, Астанадан Бауыржан Шаяхмет.