Accessibility links

Ирақ сайлауына 156 саяси партия қатысады


Ирақ Тәуелсіз сайлау комиссиясы 30 қаңтарға белгіленген жалпы сайлауға үміткерлерді ұсынуға 156 саяси партияға рұқсат берді. Олардың арасында уақытша бас министр Ияд Аллауи басқаратын "Ирақ ұлттық келісім" партиясы және президент Ғази Әл-Яуир басқаратын "Ирақ" партиясы бар. Суннит мұсылмандарының "Ирақ ислам партиясынада" рұқсат берілді, бұл партия алғашында сайлауға қатыспаймыз деген. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан және бүгін Египетте Ирақ конференциясына қатысып отырған сыртқы істер министрлері Ирақ сайлауында халықтың кеңірек қатысуын қамтамасыз етуді сұрады. Ирақ уақытша сыртқы істер министрі Хошияр Зебари конференция Ирақтың демократия ұмтылысына қолдау кең екенін көрсетті деп сипаттады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG