Accessibility links

Украинада президент сайлауынан кейін ел наразылығы өсті


Ел астанасы Киевтің орталығында шамамен 100 мың халық жиналып, оппозиция басшысы Виктор Ющенкоға қолдау танытты. Виктор Ющенко халыққа қайырылып, берекелік пен ұйымшылдықты бұзбай Украина парламентіне қарай барайық деп ұран тастады. Украина орталық сайлау комиссиясы ресейшіл бағыттағы үміткер, бас-министр Виктор Янукович оппозиция басшысы Виктор Ющенкоға қарағанда шамамен 3 пайыз көбірек дауыс жинады деп жариялаған болатын. Бюллетендердің 99 пайызы саналды деп айтылды. Оппозиция мен халықаралық бақылаушылар сайлау әділ өтпеді дейді. Мәселе парламенттің төтенше жиналысында қаралмақ. Ющенконы қолдайтын депутаттар сайлаудың ресми қортындысын жарамсыз деп мойындатпақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG