Accessibility links

Шарм Аш-Шайх қаласындағы халықаралық конференция Ирақ үкіметінің 30 қаңтарда жаппай сайлау өткізу туралы шешімін бірауыздан қолдады


Ирақтың болашағы тақырыбы бойынша Мысырдың Шарм Аш-Шайх қаласындағы халықаралық конференция Ирақта 30 қаңтарға тағайындалған сайлауды бірауыздан қолдайтын декларация қабылдаумен аяқталды. Халықаралық форум Ирақтағы барлық саяси партиялар мен діни топтарды сайлауға бір кісідей қатысуға және елдегі терроризмді ауыздықтауға шақыратын бірлескен мәлімдеме жасады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлл халықаралық қауымдастық Ирақтағы сайлауды қолдауға тиіс деген болса, БҰҰ-ның Бас хатшысы К.Аннан – елдің бірлігі мен бейбітшілігін нығайту үшін Ирақтағы сайлауды жаппай қолдауға шақырды. Ирақтың өз ішінде кеше Ирақ пен британдық күштерге сүйенген АҚШ әскері Бағдад түбінде орналасқан Джабелла қаласындағы көтерілісшілерге қарсы жаңа жорығын бастады.
XS
SM
MD
LG