АҚШ әскери өкілі Мосыл қаласында бүгін тағы бес мүрде таптық дейді. Бір апта ішінде осы қалада табылған мүрделердің саны 20-ға жетті. Бұлар Ирақ қауіпсіздік күштері сарбаздарының мүрделері болуы мүмкін деген жорамал расталмай отыр, - деді АҚШ әскери өкілі. АҚШ әскерлері мұның алдында Ирақ әскері сарбаздарының 10 мүрдесін тапқан, олардың тоғызы атып өлтірілсе керек. Ирақ ұлттық гвардиясының сарбаздары бүгін Бағдадта бірнеше үйді тінтіді, көтерілісші деп сезіктелген 8 азаматты қамауға алды, қару жарақ пен қолма қол ақшаны тапты. Бағдад әуежайының маңында машинеге қойылған бомба жарылды, екі ирақтық азамат жараланды. АҚШ әскері жолды жауып тастауға мәжбүр болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV