Accessibility links

Бақберген Жайламысов жайлы әңгіме


Бақберген Жайламысов ауылда туып өсіп, осында қызмет етуге қалған аздаған ауыл жастарының бірі. Көптеген жұмыс орнын ауыстырған ол, соңғы 12 жыл бойы мұғалім болып істеп жүрмін, дейді. 1,2,3 сынып оқушыларына барлық пәндерден дәріс беретін Бақберген мектептегі еңбекақымыз бала-шағамызды асырауға жете бермейді, деген пікірімен бөлісті. Сондықтан, негізгі жұмыстың сыртында, мал өсіріп жан бағамыз, дейді ол. Бір қызығы, осылайша күн көріп жатқан мұғалімдерге оқушылардың көзқарастары өзгеше болады, дейді Бақберген Жайламысов:

- Мысалға, балалардың қазір психологиясы өте жоғары, балалар мұғалімді өте төмен санайды. Бала неше түрлі болғансоң, менсінбей де қарайды. Мүсәпірге қарағандай да қарайды. Бұрын ондай болмаған. Бәрі бірдей болатын. Сен мұғалімсің бе сені сыйлайтын. Қазір сыйлау деген жоқ.

Бақберген Жайламысовтың айтуынша, ол үлкен қызын Алматыдағы интернатқа берген. Себебі, ауыл мектебінде техникалық қор, оның ішінде химия зертхналары жоқ, компьютерлік сыныпта не бәрі 7 компьютер бар, ол жеткіліксіз және мамандар тапшы, дейді Бақберген. Сондықтан, қызымды қалада оқытып жатырмын, дейді ол. Білім беру саласындағы осындай қиыншылықтарын атап өткен әңгіме кейіпкеріне білім министрлігінің реформаларына көңілің толады ма, деген сауал қойған едік. «Мен ағарту саласындағы көптеген жаңа енгізулерді қолдаймын, бірақ, білім министрлігінің біріңғай тестілеу жұмыстары шет елдегі осындай сынақтардың ең нашар түрінен көшірілген», - деді Бақберген Жайламысов:

- Тест дұрыс, бірақ біздегісі дұрыс емес. Шет елде оның неше түрі бар. Бізде ең нашар, ең оңай түрін алған. Негізі емтихан дұрыс.

Бұған дейін, ауылды қолдау жылдарының шараларын жариялаған кезде, Қазақстанда білікті және арзан жұмыс күшінің болуы басқа елдермен салыстырғанда аса маңызды артықшылық болып табылады делінген. Ауылды қолдау жылдарының шараларын жариялаған кезде, елді мекендердегі ұстаздардың еңбекақысын 30 пайызға көтеру керек, деген ұсыныс жасалған болатын. Кейін, біртіндеп мұғалімдердің қаражаты ұлғая бастады:

- Ақшаларын көтеріп жатыр, бірақ салығын басқасын көтеріп тастады. Ақшаны қалай көтереді, қалғанын солай көтереді. Былтыр әдемі болатын. 30 пайыз қосты, ақшамыз көбейді деп қуанды. Бірақ, салық та көбейді. Мысалға, 2 мыңға түсіп кетті еңбекақысы. Неменесіне көтереді оны.

«Ауыл» бағдарламасы жарияланған кезде, Қазақстан тұрғындарының 40 пайыздан астамының қызметі мен тіршілік көзі ауылдық жер болып табылады деген ақпарат таратылған. Ал, қазақстан жер ресурстарына бай, дейді бағдарлама авторлары. Алдын ала суландырмай-ақ, егін шаруашылығына жаратуға болатын алқап 39 миллион гектарды құрайды. Азық түлік бағдарламасын жасаушылардың жобалауынша аграрлы салаға салынған әрбір теңге 4 теңге табыс әкелмек. Ал, Бақберген Жайламысовтың айтуынша ауылды қолдау шаралары Қарашоқы ауылында тек қағаз жүзінде жүзеге асырылып келеді:

- Көңілім толмайды, ауылда аты ғана, қағаз жүзінде ғана. Жолды жасады 20-25 миллионға, анаған қарап тұрсаң, қарның ашиды. Жамап қана қояды. Ол бір жылдан соң, тура сол қалпына келеді.

Ауыл бағдарламасының орындалуын тексеріп келгендерді ауыл тұрғындары өз күшімен күтіп алып, өз күшімен ауылдағы бас кеңсені жөндеуден өткізді, дейді Бақберген. Мұғалімдік жұмысқа қосымша ауылдағы ұрандарды жазатын Бақбергеннің сөзінше, ауылды қолдау жылдары осы тақырыпқа сәйкес ұрандар көбейгенімен, ауылға нақты қолдау көрсетілген шараларды байқамадым, дейді ол. Әлемде бидайға әң алдымен оның күшті және қатты сорттарына, сондай-ақ, оның өңделген өнімдеріне сұраныстың көбеюін тиімді пайдалануға болады, дейді Қазақстанның ауыл шаруашылық минстрлігінің өкілдері. «Бірақ, дәнді дақылдар егу үшін, орасан қаражат қажет, сондықтан мен мал өсіруді жөн көрдім», - дейді әңгімеміздің кейіпкері. Қазір, Бақберген Жайламысов бір тай алып, оны семірткен соң соғымға сатып, орнына тағы екі тай алып малымды көбейтіп алмақшымын, бірақ, әзірге бұл жоспар ғана, дейді әңгімеміздің кейіпкері.
XS
SM
MD
LG